Ақтауда роботтандырылған дәріхана ашылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда роботтандырылған дәріхана ашылды

25 Января 2016 (09:42) | 3533 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін Ақтауда ерекше қызмет көрсететін дәріхана ашылды. Роботтандырылған мұндай дәріхана еліміздің батысында алғаш рет іске қосылып отыр. Дәріханада адамның орнына құлтемір қызмет көрсетеді. Дәріхана роботы – автоматтандырылған іздеу жүйесі. Дерекқорға іздеген дәрілеріңізді енгізсеңіз болды, құлтемір 5-10 секунд ішінде сұраған дәрілерді шағын қоймадан тауып, алдыңызға әкеп береді. Ақылды дәріхана 12 шағын аудандағы бірінші үйде орналасқан.

 

 

«Бұл Қазақстанның «Aster Lab solutions» және Италияның «Tecnilab Group» компанияларының бірлескен жобасы. «Дәріхана роботы» жобасының артықшылығы – қызмет көрсетудегі жеделдік пен жоғары сапа. Яғни дәрі алуға келгендерге қатесіз және өте тез қызмет көрсетіледі. тауар-материалдық құндылықтар есебін 5 минутта шығарып береді. Сонымен қатар, аядай жерге мыңдаған дәрі сақтауға мүмкіндік бар. Мәселен, 1.5 шаршы метр жерге 10 000 дана қаптама сыйып кеткен»,-деп атап өтті Ақтаудағы

 

«PHARMA PLUS AKTAU» дәріхана желісінің директоры Гүлнар Мусина.

Жаңа үлгіде жасалған дәріханада адам денсаулығын жақсартуға және емделуге арналған дәрілердің барлық түрі қарастырылған.

 

 

TwinTec дәріхана роботы – автоматтандырылған іздеу жүйесі. Дерекқорға іздеген дәрілеріңізді енгізсеңіз болды, құлтемір әп-сәтте сұраған дәрілерді шағын қоймадан тауып, алдыңызға әкеп береді. Бұл операция 5-10 секунд уақытыңызды ғана алады. Дәріханадағы шкафтардың орнына инновациялық панельдер қойылған.

 

Мұндай озық үлгідегі дәріханалар әлемде алғаш рет Германия, Италия мен Францияда ашылған екен. Енді ақылды дәріханалар бізде де пайда болды. Жаңа дәріханаға барып, роботтың қызметін бағалауыңызға болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему