Балаға – мұқият, отқа - сақ болайық
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балаға – мұқият, отқа - сақ болайық

25 Января 2016 (09:25) | 2372 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Аскарұлы облыс орталығы және көршілес орналасқан ауылдық елді мекен тұрғындарына арнаған өрттен сақтану қағидаларын ұсынады.

 

«Өрт – тілсіз жау» деп жатамыз, шын мәнісінде, көбінесе өрттің шығуына адамдардың өздері себепкер болып жатады. Аяқ астынан шыққан өрт орны толмас қайғы-қасірет пен өкінішке душар етеді. Яғни, кез-келген ересек жан мен баланың өміріне қауіп төнеді.

  

Мұндай жағдайлар ата-ананың кездейсоқ өрт қауіпіне енжар қарап, жауапкершілікті ұмытуынан болатынын көпшілігіміз ескермейміз де. Бақылаусыз балалар тұтатқан өрт үшін заң бойынша ата-аналары жауапқа тартылады. Бұл апаттардан сақтануға болады. Ол үшін әр адам, өз отбасында балаларына сақтық шараларын түсіндіріп отыруы керек. Қазақта «Баланы - жастан» деген нақыл тегін айтылмаған.

 

- Өздеріңіз білетіндей кішкентай балалар отқа әуес келеді. Немесе үлкен кісілердің шылым шеккеніне қарап, ауыздарына таяқ сындырып салып, оны тұтатып еліктеушілікпен айналысады. Тұрмыстық жағдайда ауылдық жерде қора – жайларды тазалап, оны өртеп жатамыз. Сол кездері байқап қарасаңыздар, балаларыңыз жанып жатқан оттың үстіне қағаз немесе дәрілерді лақтырып жатады. «Баланың аты - бала» демекші, сол шыны дәрілердің атылғанын қызықтап қарап тұрады. Міне сондықтан, ата-ана, сіздерге айтарымыз: ондай жағдайларда балаларыңызға далада от жағып жатқан кезде оттың қасына шелекпен су әкелдіріп қоюды немесе күрек саймандарды дайындап қоюды үйретіп отыруларыңызды сұраймыз.

 

«Жаман айтпай - жақсы жоқ" демекші, аяқ астынан тұрған жел жанып жатқан оттың ұшқынын басқа жерге апарып, қыруар зиян әкелетінін өздеріңіз білесіздер. Сондықтан тұрмыс жағдайында электр мен газ жабдықтарын пайдалануға балаларыңызға тиым салып, өздеріңіз қадағалап отырыңыздар. Бұны айтып отырған себебіміз көп өрт оқиғаларының болу себебі тұрмыста, яғни тұрғын үй секторларында, әсіресе жеке меншік үйлердің үлесіне тиіп отыр. Сөзіміз дәйекті болу үшін айта кетейік, Ақтау қаласы көлемінде былтырғы жылды осы мерзіммен салыстырғанда өрт саны еке есеге көбейіп отыр,-дейді аға инженер Нұрсұлтан Абдираш.

 

Оның айтуынша, «Балаларға отқа қызығушылықпен емес, сақтықпен қарауды үйрету керек. Қазіргі кезде жарықтың болмай қалу жағдайлары көп болып жатады. Соның салдарынан барлығымыз шырағдан немесе май шам пайдаланамыз, көп жағдайда оны өзіміз емес, балаларға жақтырамыз, осы дұрыс емес.

 

Жұмысқа немесе басқа жаққа кеткенде балаларын құлыптап кететін ата-аналар кездесіп қалады. Ал үйде қалған баланың ойына не келсе, соны істейтінін өздеріңіз білесіздер. Ондай жағдайда үй тұрмыстағы оттық, газ көздерін тұтатын сірінке қораптарын тығып кеткен жөн.

 

Ал ең дұрысы баланы көршілерге тапсырып, үйлеріңіздегі жарық есептегішке өздігінен өшетін автоматты ажыратқыш орнатқаныңыз дұрыс.

 

Өрт ешқандай аяушылықты білмейді, өрт болған жағдайда ең бірінші 101-ге хабарлауды ұмытпаңыз. Апаттың айтып келмейтінін үнемі есте ұстап, балаға-мұқият, отқа - сақ болайық ағайын».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему