Нәрестені тастаған анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 23:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Нәрестені тастаған анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

18 Января 2016 (15:21) | 2109 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жаңа туған нәрестені тас жолдың бойына тастап кеткен анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Шарананы айдалаға лақтырып тастаған ана жазаланатын болады. Бейнеу аудандық ІІБ қызметкерлері «Жаңа туған баласын анасының өлтіруі» дерегі бойынша, ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабына сәйкес іс қозғады.

 

Жантүршігерлік оқиға кеше кешкісін тіркелген болатын. «Ақтау-Атырау» республикалық маңызы бар тас жолдың бойынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылған еді. Қоқыстар арасында қорапта жатқан шақалақтың мәйітін бірінші болып Сарға селосының тұрғыны көріп, полиция қызметкерлеріне хабар берген. Нәресте қыз бала екен.

 

Табылған нәрестенің мәйіті Бейнеу аудандық мәйітханасына тапсырылып, сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлім болған мәлімет бойынша, сәбидің анасы 1978 жылы туған әйел екен. Ол баланың өлі туылғанын айтқан. Алайда, ішкі істер басқармасының қызметкерлері нәрестенің анасы мен оқиғаға қатысты жандардың іздестіріліп жатқандығын айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему