Облыстық байқаудың жүлдегерлері марапатталды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық байқаудың жүлдегерлері марапатталды

5 Января 2016 (11:25) | 2334 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтаудағы «Ренессанс» қонақ үйінде Маңғыстау облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында 10 аталым бойынша үздіктерді анықтауға арналған бірінші аймақтық «Алтын қалам» байқауының лауреаттары марапатталды.

 

Жеңімпаз атанған тілшілер қауымына дипломдар мен сыйлықтарды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұхамбетова табыстады.

 

Байқауды Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен «Эко - Мангистау» үкіметтік емес ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.

 

«Эко - Мангистау» ҮЕҰ директоры Кирилл Осин:

-Аталмыш байқауды ұйымдастырудағы мақсат – БАҚ пен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысын нығайту, елдің, аймақтың қоғамдық-саяси, әдеуметтік-экономикалық, мәдени дамуын, ұлтаралық қатынастардың ынтымағын БАҚ арқылы үздік жариялаушы, насихаттаушы қалам иелерін анықтау.

Облыстық, қалалық, аудандық электрондық және баспа БАҚ өкілдері қатысқан «Алтын қалам» сайысына 37 журналисттен 345 конкурстық материал келіп түсті. Оларды тәжірибелі қаламгерлер мен мемлекеттік мекемелер және ҮЕҰ өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері қарады. Нәтижесінде 10 номинация бойынша 13 журналист үздік деп танылды.

Байқау қалам иелері арасында үлкен қызығушылыққа ие болған себепті, белгіленген аталымдарға қоса, «Мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін» деген қосымша марапатқа 5 журналист лайық деп танылды.

Сайыс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын болады. Келесі жылы байқауға қатысушылар саны бұдан да көбірек болады деген үміттеміз. Байқауды ұйымдастырудың жаңаша мүмкіндіктері қарастырылады деген сенім бар.

Бұл конкурс өте тартымды, әділ өтті деп санаймын. Оның нәтижесінде қаламгерлер қауымы арасында нағыз өз ісінің шеберлері анықталды,-дейді.

 

«Жүзден – жүйрік, мыңнан - тұлпар» шыққан қалам иелері арасында жеңімпаз болып танылғандар: «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» аталымы бойынша – Шораева Ақсындар мен Покатилов Александр, «Тәуелсіздік тағылымы - ұлт тарихы» номинациясында - Ұлықпан Мұратбай, «Ата-заң арналары» аталымында - Голрох Жеменей,      «Менің елім - Мәңгілік ел» номинациясы бойынша - Дектярева Виктория, «Мемлекеттің басты капиталы - білімді жастар» аталымында – Кеңесбаева Ғалия, «Инновация - игілік бастауы» номинациясы бойынша - Елена Калинина, «Ауылым- алтын бесігім» аталымында - Фарида Мұңалқызы, Кәмшат Ізбасарова, «Дені cay ұлт — ел болашағы» номинациясы бойынша - Қыдырхан Есболаев пен Гүлайна Мерген, «Тұлға» аталымында - Венера Мирлан, «Туған жерім - тірегім» деп аталған номинация бойынша – Нұрғаным Имашева.

 

«Мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін» деген қосымша марапатқа ие болған 5 журналист: Степанова Тамара, Әбішева Гүлмира, Шортанова Сандуғаш, Ольга Золотых және Бауыржан Әнуарбек.

 

 

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Денсаулық» бағдарламасының жүргізуші-редакторы Гүлайна Мерген:

-Бұл байқауға бір емес, бірнеше номинация бойынша, оның ішінде «Инновация - игілік бастауы», «Ауылым - алтын бесігім», «Дені cay ұлт - ел болашағы» аталымдарында материалдарымды тапсырған болатынмын. Солардың ішінде, әрине, «Денсаулық» тақырыбы өзіме жақын. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында осындай тақырыптағы хабарды жүргіземін. Онда өңірдің денсаулық саласына қатысты мәселелер көтеріледі. Байқауға 22 минуттық осы фильмімді жіберген болатынмын.

Дені cay ұлт - ел болашағы» аталымында жеңімпаз атанып, марапатталдым. Бұған өте қуанышытымын, әрине. Біздің еңбегіміздің еленіп, лайықты бағаланғаны бізді қуантады.

Басқа әріптестеріме айтарым - «Тек қана – Алға!» деген ұран болуы керек. Қаламдарыңыз ұштала берсін! Биіктерден көріне беріңіздер!

Бұл байқауды ұйымдастырушыларға да айтар алғысым шексіз. Біздің еңбегіміз еленіп тұрса, біз – тілшілер қауымы, аянбай еңбек етуге дайынбыз,-деді.

 

Жеңімпаздар қатарынан көрінген барлық әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз. Ел үшін атқарған қызметтеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, жеңіс тұғырынан көріне беруіңізге тілек қосамыз. Алдағы келе жатқан Жаңа-2016 Жыл толайым табыстар жылы болғай!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему