Сергей Волобуев-самбодан еліміздің бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 20:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сергей Волобуев-самбодан еліміздің бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалды

22 Декабря 2015 (09:32) | 3859 | Автор: Нурганым Имашева

 

Отыз жылдан бері балуандарды жаттықтырып жүрген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Сергей Волобуев жасөспірімдер арасында самбодан еліміздің бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Қазақстан Республикасының самбо федерациясы мақұлдап, арнайы бұйрықпен бекіткен. Енді Сергей жасөспірімдерді самбодан Қазақстан Республикасының құрамасының сапында дайындайтын болады.

 

Білікті бапкер осы уақытқа дейін самбодан Жамбыл, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, дзюдодан Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс жасап, бірнеше чемпиондарды дайындаған. Аға бапкер 2006-2008 жылдары дзюдо күресі бойынша әйелдерден құралған ҚР құрамасын да жаттықтырған. Сондай-ақ, самбодан ҚР чемпионы Жанат Сейсенбековты, дзюдодан Азия және ҚР чемпионы Ержан Шынеевты, 2013 жылғы Әлем чемпионы Айбек Хрыкбайды, дзюдодан Азияның қола жүлдегері Темірлан Көлбайды, 2015 жылы самбодан Азия чемпионы Бауыржан Сағынғалиұлын, самбодан Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Рамазан Мамаевты арнайы дайындаған.

 

Сергей-самбодан КСРО спорт шебері (1989), халықаралық спорт шебері (1989), дзюдодан КСРО спорт шебері (1985) атағын иеленген. Таза қазақ тілінде сөйлеп, ойын еркін жеткізетін бапкер әйелдер арасында дзюдодан спорт шебері Бибігүл атты қазақ аруымен отбасын құрып, бүгінде бақыттытты отбасының иесі атанып отыр.

 

 

Маған сенім артып, «бас жаттықтырушы» қызметін тапсырған азаматтарға зор алғысымды білдіремін. Менің түсінігімде жаттықтырушы-ең алдымен еңбекқор болуы керек. Әрбiр шәкiртiңдi өз балаңдай жақсы көріп, психологиясын тани білгенің жөн. Сенiң қабағыңнан олар бәрiн аңғарғаны дұрыс. Бапкердiң сенiмi нық болса, шәкiрттiң де сенiмi орнығады. Мұның бәрi бапкердiң, бапкерлiк таланттың жемiсi болса керек.Сондықтан да маған сенім білдірген азаматтардың үмітін ақтап, абыройлы жұмыс жасаймын деген ойдамын. Облыста да спорттың дамуына үлес қосып, маңғыстаулық чемпиондарды ҚР құрамасының сапында дайындайтын боламын,-дейді самбодан Қазақстан Республикасы жасөспірімдер құрама командасының бас жаттықтырушысы Сергей Волобуев.

 

Биыл ердің жасы-елуге толған бапкер Сергей Волобуев Ақтау қаласына арнайы шақыртумен 2014 жылы келген болатын. Оның шәкірттері арасынан аз ғана уақыттың ішінде ҚР Чемпионы, самбодан Азия чемпионы, самбодан Әлем біріншілігінде қос қола иегері шықты.

 

Біздіңбасты мақсатымыз-осы өңірдің топырағында туып өскен жастарды көтеріп, олардың даңқын спорт арқылы шығару. Самбоның орталықтарын барлық аудандарда ашып, жұмысын жүйелі жүргізу. Сондықтан да маңғыстаудың жергілікті балаларын халықаралық, республикалық жарыстарға дайындап жүрген Сергей Волобуевқа үлкен алғысымды білдіремін. Алла қаласа, ауызбіршілікте жұмыс жасауымыздың нәтижесінде Әлем, Олимпиада жеңімпаздарын дайындаймыз деген сенімдемін және де Сергейді ердің жасы-50 жасқа келген мерейлі сәтімен құттықтап, еңбегіне табыс, отбасына береке тілеймін,-дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Айнагуль, 25 Декабря 2015 (10:51)
0 0
Какой сюрприз! Я его помню. Он и его жена преподавали нам в Джамбульском гидромелиоративно-строительном институте в 1986-1991 гг.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему