Банкоматтан ақша ұрламақ болған шетел азаматтары ұсталды
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 19:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Банкоматтан ақша ұрламақ болған шетел азаматтары ұсталды

21 Декабря 2015 (10:08) | 1567 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтауда тұрғындардың жеке шоттарынан ақша ұрламақ болған шетел азаматтары қылмыс үстінде ұсталды. Әзірбайжан, Грузия және Малдовадан келген алаяқтар арам ойларын жүзеге асыру үшін компьютерлік техника мен озық үлгідегі құралдарды пайдаланған. Олардан тінту кезінде 37 банкомат карточкасы тәркіленді.

 

 

Аталған құралдардың көмегімен алдымен Қазақстандық банктердің несиелік карточкаларын жасап шығарады. Қолдан жасалған карточка кәдімгі шынайылардан еш айырмашылығы жоқ. Олар қолдан жасалған несиелік карточкалардың көмегімен банкоматтардан қажетті соманы шешіп алмақшы болған.

 

Алаяқтар карточка иелері мен банк қызметтері күдіктенбес үшін жымысқы әрекеттерін кешке не түнде жасамақ болады. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде облыстық ішкі істер департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты департаменттің арнайы мақсаттағы қызметкерлері күдіктілерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Өз елдеріне қашып үлгермеген шетел азаматтары қазір Ақтаудағы уақытша қамау абақтысына жабылды.

 

Ардақ Нәубет, Облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы:

-Қылмыскерлерден айғақты зат ретінде ноутбук, 150 мың теңге ақша және 37 дана жалған несиелік карточка тәркіленді. Қазіргі таңда осы атаулы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

«Әзірге алаяқтардың қанша адамды сан соқтырып, қанша қаржыны қолды еткені белгісіз. Істің ақ-қарасы тергеу барысында анықталады»,- дейді полицейлер.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему