Өрт қауіпсіздігін сақтау туралы
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 18:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт қауіпсіздігін сақтау туралы

15 Декабря 2015 (09:29) | 7941 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы барлық мектептерде, балабақшаларда, мекемелерде, мәдениет үйлерінде жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін ескертеді. Осыған орай, Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ордабаева Гүлбарам Қойшыбайқызы және Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты Шопанова Гүлнұр Жаңабайқызы Ақтау қаласындағы №9 жалпы білім беру орта мектебінде 5-9 сыныптар оқушылары арасында кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғау кіші лейтенанты Гүлнұр Шопанова шырша ойынын өткізгенде сақталуы тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын қала тұрғындарының естеріне салады:

  • Жаңа жыл мерекесі шыршасымен қызықты. Бұл күні қала көлеміндегі барлық мектептерде, балабақшаларда, мекемелерде, мәдениет үйлерінде шырша ойыны өткізіледі. Шырша ағашын безендіру және шараларды өткізу кезінде бірқатар өртке қарсы сақтық шараларын қолданбаса, абайсызда өрт шығып кетуі мүмкін. Сондықтан шырша ойынын өткізгенде сақтауға тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын естеріңізге салып өтейік. Шырша ойынын өткізер алдында мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, мекеме басшылары, шырша ойыны өткізілетін орындардың басшылары сол жердің өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкерді бұйрықпен бекіту тиіс.
  • Мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда сол мекеменің қызметкерлері арасынан ерікті өрт жасақшыларын бұйрықпен жасақтап, кезекшілік ұйымдастыру қажет.
  • Шырша ойыны өтетін жердің сыртқа шығатын қосалқы эвакуациялық есіктері болуы керек, шырша ойынын өткізген кезде есіктері ашық болуы тиіс.
  • Шырша орнатылғанда оның шашақтары өтілетін орынның төбесіне жаңаспай, қабырғадан 1 метр қашықтықта орнатылады. Шыршаға электр жүйелерін жүргізуді, шамдарын орнатуды, тек электр маманы ғана атқаруы тиіс. Өйткені электр жүйелері дұрыс тартылмаған жағдайда өрт шығып кетуі мүмкін.
  • Шырша ойыны кезінде бенгал оттарын пайдалануға және басқа да өрт шығаратын заттарды қолдануға тыйым салынады.
  • Шырша ойыны басталар кезде жақын бөлмені алғашқы өрт сөндіру құрал - саймандарымен жабдықтау керек. Өрт бола қалған жағдайда дереу өртке қарсы қызмет орнына хабар берілуі шарт.

 

Өрт болған жағдайда 101 нөміріне хабарласыңыз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему