Иран кемесін құтқару жұмыстары қайта жалғасты
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 22:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Иран кемесін құтқару жұмыстары қайта жалғасты

10 Декабря 2015 (15:56) | 1371 | Автор: Мира Ботабекова

 

Каспийде қатты дауылдың көтерілуіне байланысты бірнеше күнге тоқтаған Иран кемесін құтқару жұмыстары бүгін қайта жалғасты. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Ираннан Ақтау теңіз портына жүк артып келе жатқан ірі кеме асау толқынның салдарынан тасқа соғылып, Құрық портының маңында тұрып қалған болатын.

 

Су көлігінің түбі қатты зақымданып, түбі тесілген. Өздерінің шамасы келмегендіктен Иран кемесінің басшылары «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясынан көмек сұрайды. Кеме автокөлік, жеміс-жидек пен халық тұтынатын тауарға толы. Ішінде жалпы 875 тонна жүк бар. Қазір қазақ теңізшілері жүздеген тонна тауардың су астында қалып кетпеуі үшін борттағы жүктерді шығару жұмыстарымен айналысуда. Құтқару операциясына бірнеше су көлігі мен 20 адам жұмылдырылған. «Қазақстанда мұндай апатты жағдайда кеме мен кеме экипажына жәрдемдесетін қызмет мүлдем жоқ, сондықтан да «Теңізде кемелерді құтқару» қызметін құру қажет», дейді ұлттық компания өкілдері.

 

Қуаныш Есетов, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясы бас директорының кеңесшісі:

-Жақында ғана Әзірбайжан республикасында апатты жағдай болып, су қондырғысы өртеніп, сонда тіпті бірнеше адам қайтыс болды. Сол себепті теңіздегі апаттан құтқару қызметін құрудың өте маңызды екенін айтқым келеді. Оны ескеру неге маңызды, себебі біз жақында теңіздегі мұнай кенорындарын игеруге дайындалып жатырмыз. Осында қызмет қажет Қазақстанға. «Қазақтеңізкөлікфлоты» сол қызметке барынша жәрдемдесуге, қызметтің қалыптасуына атсалысуға дайын. Бізде қажетті маман да, құрал-жабдық та, кемелер де дайын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему