Ақтауда «Ризашылық – Балалар игілігі үшін жақсылық» атты қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Ризашылық – Балалар игілігі үшін жақсылық» атты қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды

8 Декабря 2015 (14:25) | 2810 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл күні адамдар бір – біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызының бастамасымен Отбасылық үлгісіндегі балалар ауылында «Ризашылық – Балалар игілігі үшін жақсылық» атты жыл сайынғы қайырымдылық мерекесі өтті. Сол ауылда тәрбиеленіп жатқан балалар мерекелік концертке атсалысты.

 

Салтанатты жиынға қатысқан «Маңғыстау» облыстық газетінің фототілшісі Серік Майемеров біздің басылымға осы ақжолтай жаңалықты жеткізді.

 

 Іс-шара «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен» аталып, ағымдағы жылғы қоғамдық-маңызды оқиғалары: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығымен орайластырылған.

 

Мақсаты-тәрбиеленушілердің бойында азаматтық пен патриоттық, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуді, елдің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарап, туған өлкенің табиғатын аялап, қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне мақтанышпен қарауды қалыптастыруды көздеді.

 

 

Мерекеге облыстық білім басқармасы, «ҚаражанбасМұнай», «ҚарақұдықМұнай», «Еврострой-А», «Косми-Казахстан», «ҚараОйлҚұрылыс» мекемелерінің өкілдері, арнайы балабақша директорлары, Жастар ресурстар орталығының өкілдері қатысты.

 

Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Жылқыбайқызы Тұржанова тәрбиеленушілерді жылы лебізбен мерекемен құттықтады.

 

Мерекеде балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Білім басқармасы кітаптарды, «ҚараОйлҚұрылыс» компаниясы спорт тауарларына сертификаттарды сыйға тартты.

 

 

Іс-шараның шеңберінде «Ризашылық», «Мейірім - балалар игілігі үшін!» мерекелік концерттік бағдарламасы өтті. Киіз үй тігіліп тәрбиенушілер мен қонақтарға мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Балалар арасында «Біз - болашақ спортшылармыз» спорттық ойындар жарысы өтті, сонымен қатар, балғындар «Байтерек» кинотеатрында фильмді тамашалады.

 

Бұл тамаша күн мерекелік кешкі аспен аяқталды. Кешкі ас еркін және жағымды атмосферада, көңілді және мейірімді ортада өтті.

 

Балалар «Ризашылық» күні туралы әсерлерімен бөлісіп, Сара Алпысқызы Назарбаеваның атына, өздеріне қамқорлық танытып, алаңсыз өмірлері мен жақсы білім алулары үшін жағдай жасап жатқаны үшін, мейірімділік пен жылы жүрек, түсіністік пен махаббат сыйлағаны үшін ересектерге алғыс мәніндегі сөздер айтты.

 

Білім басқармасы демеуші мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алдағы уақытта да түрлі шараларды ұйымдастыратындықтарын жеткізді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему