Жастарға арналған құнды туынды жарық көрді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарға арналған құнды туынды жарық көрді

27 Ноября 2015 (16:10) | 2773 | Автор: Нурганым Имашева

 

Кеше Ақтаудағы жастар ресурсы орталығында ҚР жазушылар Одағының және ҚР журналистер Одағының мүшесі, «Маңғыстау ауданы әкімінің жанындағы жастар ресурсы орталығы» ММ директоры, жас ақын Аллаберген Қонарбаевтың «Қазақстандық патриотизм: Жастар және қоғам» атты жаңа туындысының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

 

Шараны өкізуге ұйытқы болған облыстық жастар саясаты басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанаты. Жиынға жастарға бағыт-бағдар беріп, өнеге көрсетіп жүрген бірқатар ел ағалары, политехникалық колледж студенттері және 66/56 әскери бөлімінің жас сарбаздары қатысты.

 

Кешке жиылғандарға өскелең ұрпаққа өз еңбегін арнаған жас қаламгер А.Қонарбаевтың өмір және еңбек жолы туралы мәліметтер ұсынылды. Студенттер ақынның шығармашылығынан өлең оқып, авторға арналған әуезді әндер де шырқалды.

 

Кеш қонақтарына арнаған сөзінде Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов:

-Жақында жаңартылып ашылған жастар орталығында ҚР журналистер Одағының мүшесі, белсенді азамат Аллаберген Қонарбаев сияқты жас қаламгердің шығармашылық туындысының тұсау кесуінің өтуі жақсы нышан.

Жастардың көшбасшысы ретінде А.Қонарбаевтың атқарып жүрген қызметі елеулі. Бұл еңбегін жарыққа шығарғанда да ол өзінің абыройын көкке көтеру үшін емес, өзінің ойға түйгендерін, бойындағы жақсы қасиеттерімен жастармен бөлісе отырып, жас ұрпақ білсін, оқысын деген ниетпен жариялап отыр.

Сондықтан, жастар, сіздер осы кітапты оқып, одан ой түйіп, өздеріңе қажетті жақсы жақтарын алуға тырысыңдар,-деді.

 

Өлкеміз бен республика жұртшылығына танымал ардагер қаламгер Әзірбайжан Қонарбаевтың ұлы Аллаберген Шетпе кентінде 1984 жылдың 22 наурызында өмір есігін ашқан. Шығармашылыққа бала кезінен бейім боп өскен оның өлеңдері мектепте оқып жүрген кезінде аудандық «Жаңа өмір», облыстық «Маңғыстау», «Үш қиян», республикалық «Ұлан» газетінде жарық көрсе, бертін келе «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» басылымдарында, «Жұлдыз», «Таңшолпан» журналдарында жарық көрді.

 

Сонымен қатар жас ақын А.Қонарбаев облыстық Махамбет атындағы ақындар мүшәйрасының жеңімпазы, «Үміт», «Үркер» әдеби сыйлықтарының лауреаты, Халықаралық «Ақбозат» ақындар марапатының иегері.

 

Шығармашылық қызметімен қатар, аудан жастарының белсенділігін арттыру жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген жас көшбасшы Маңғыстау ауданында жастар арасында өтіп жатқан көптеген игі істердің бастамашысы.

 

Бүгінгі таныстырылып отырған еңбегі – Аллабергеннің үшінші кітабы. Алғашқы туындысы - 2013 жылы жарық көрген «Жүрегім – жырым, Маңғыстау» деп аталған жыр кітабының тұсаукесері Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де өтсе, екінші кітабын автор Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ғылыми-фольклорлық бағытын зерттеуге арнаған ғылыми-зерттеу еңбегі ретінде жариялаған. Оның тұсауы былтыр - 2014 жылы Астана қаласында «Еуразия университетінің» «Отырар» кітапханасында кесілген.

 

Жаңа туындысы туралы автор:

-Мұны жазғанда жастарды патриоттық рухта, отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздедім. Мақсатым – Елбасының саясатын қолдау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау,-дейді.

 

 

Кітап 4 бөлімнен тұрады: біріншісі – Елбасы туралы автордың ой түйіндері, Президентпен кездесу кезінде алған әсерлері, түйген ойлары, екінші тарау – «Патриот болу - парызың» деп аталған, мұнда «Патриот болу үшін не істеу қажет?» деген сауалға жауап іздеу болса, үшінші бөлімде – туған ел, жер, Отан, Маңғыстау туралы патриоттық өлеңдері, ішінде Алаш зиялылары туралы да өлең-жырлары бар. Төртінші бөлім-«Жастар және қоғам», жастар арасындағы бүгінгі қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелер жайында сөз қозғалып, салт-дәстүрге берік болу сынды бағыттар ұсынылған.

 

200 беттен тұратын жаңа туынды 500 дана тиражбен, Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» баспасында жарық көрген. Он бес жылдан бері жастар саясатымен айналысып келе жатқан А.Қонарбаев, кітабын құрастыруға да сонша жылын арнап, осы жылдар аралығында атқарылған істердің нәтижесі ретінде толғандырған ойлары, жазылған өлең-жырлары, мақалаларын өскелең ұрпаққа ұсынған. Автор өз еңбегін сатып пайда көруді емес, жастарға тегін тарату арқылы рухани құндылық ретінде ұсынуды жөн санайды.

 

-Ертеңгі күні келер ұрпақ алдында «Сен болашақ үшін не қалдырдың?» деген сауалға ұялмай жауап беруге тырыстым. Әр адам өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ісімен құнды. Мен де сондай істерге өз үлесімді қосуды жөн санадым,-дейді жас ақын А.Қонарбаев.

 

Жаңа кітаптың «тұсауын» сахна төрінде «Өрлеу» педагогикалық кадрлердің білімін жетілдіру орталығы» АҚ-ның «Маңғыстау мұғалімі» газетінің бас редакторы Қ.Ванов пен облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Б.Тұяқов кесті.

 

Әдебиет әлеміне 7 сыныпта оқып жүргенде қадам басқан Аллаберген, өлең жазумен 5-6 сыныптан бастап айналыса бастаған. Содан бері оның ұшқыр қаламынан талай жыр жолдары төгіліп, неше бір мақалалар жазылды. Өзінің белсенді азаматтық позициясымен айналасындағы жас буынға үлгі болып келе жатқан жастар көбасшысының өз замандастарына айтары мол.

 

Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов:

-Қазіргі таңда бізде дарынды жастар көбейіп келеді. Солардың ішінде – Аллаберген Әзірбайжанұлы Қонарбаев. Жалпы бұл тұсаукесер шарасының жастар тәрбиесі үшін маңызы зор деп санаймын. Себебі, жас ұрпақ осындай ағаларынан үлгі алады, оның кітабымен танысу арқылы өздерінің ой-өрісін дамытып, рухани байлыққа кенеледі.

Мемлекет, жергілікті басшылық тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр бұл тұрғыда. Осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ,-деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему