Еуропа саяхатшылары үшін Маңғыстау – бұрын-соңды көрмеген тың аймақ
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 08:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еуропа саяхатшылары үшін Маңғыстау – бұрын-соңды көрмеген тың аймақ

27 Ноября 2015 (10:03) | 4240 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін Маңғыстауға Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Чехия, Бельгия сияқты Еуропаның 7 бірдей елінен туристік компания өкілдері келді. Шетелдік делегацияны күтіп алған облыс әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов арнайы жиын өткізіп, қонақтарға Маңғыстаудағы туризмнің дамуы мен әлеуеті жайында әңгімеледі. Туристік компания өкілдері бірнеше күн өңірдің табиғатымен танысып, осындағы қайталанбас тарихи ескерткіштер мен көрікті жерлерін аралайтын болады. Олар болашақта жергілікті билікпен бірлесе жұмыс істеуге ниетті.

 

 

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай туризм табыс табудың қайнар көзі. Бұл істің көзін тапсаң шаш-етектен пайда түсіруге болады. Маңғыстауда бұл саланы дамытуға мүмкіндік мол. «Ашық аспан астындағы мұражай», саналатын өлкеде еліміздегі археологиялық тарихи ескерткіштердің басым бөлігі орналасқан. Шөлейтті ерекше табиғаты бар. Суы мөлдір теңіз бен ыстық құм тағы бар. Міне осыларды пайдаланып, туризмді дамыту – жергілікті биліктің басты мақсатына айналып отыр. Осы орайда арнайы шақыртумен Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Чехия сияқты Еуропаның оншақты елінен туристік компания өкілдері келді. Бүгінде кәрі құрлық саяхатшыларын ұлттық ерекшелік пен жабайы табиғат әлемі көп қызықтырады екен. Сондықтан да қонақтарға экологиялық саяхат ұсынылды. Туристік компания өкілдері бір апта бойы Үстірт табиғи қорығы, суы мөлдір, құмы жұмсақ «Кендірлі» шығанағы, әлемде теңдесі жоқ жер асты мешіттері мен мұхит деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойпатын аралап, тамашалайтын болады.

 

Германиядан келген туристік компанияның менеджері Мартина Шустердің Қазақстанға алғаш рет келуі екен. Ол жұмбаққа толы Маңғыстау түбегі туралы көп естіпті. «Алайда көп естігеннен бір көрген артық, өз көзіңмен көргенге не жетсін. Алдымен өзім танысып алайын, содан кейін жерлестеріме Маңғыстауға саяхат жасауға ұсыныс беретін боламын»,-деді Мартина Шустер.

 

Мартина Шустер, Туристік компанияның өкілі (Германия)

-Еуропа саяхатшылары үшін Маңғыстау – бұрын-соңды көрмеген тың аймақ. Әсіресе мұнда тарихи археологиялық ескерткіштер көп екен. Ал, біздің компания клиенттері негізінен 50 мен 70 жас аралығындағылар. Оларды көбнесе мәдени, тарихи туризм қызықтырады. Сондықтан да келер жылдан бастап Германиядан зейнеткер саяхатшылар көптеп келеді деген сенімдемін.

 

Мартинамен бірге келген өзге де туристік компанияның өкілдері өңірдегі туризмді дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Ал, жергілікті билік бұл сапардың елдегі туризмді дамытуға оң ықпалын тигізеріне сенімді.

 

Рақымбек Әміржанов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

-Маңғыстауда туризмді дамытудың мүмкіндігі зор. Қайталанбас тарихи ескерткіштер, шөлейтті өлкенің тұмса табиғаты, ыстық құмымымз бен теңізіміз бар. Міне осыларды пайдаланып, оншақты саяхат бағытын әзірлеп жатырмыз. Туристер үшін джип-сафари ұйымдастыру да ойымызда бар. Саяхатшыларға киіз үйде тұрып, ұлттық ерекшелігімізді көрсетпекпіз. Ол үшін этноауыл тұрғызылуда.

 

Рақымбек Әміржановтың айтуынша, Маңғыстауда туризмді жоғары деңгейде дамыту үшін инфрақұрылымды жақсарту қажет. «Онсыз туризмді ойымыздағыдай көтере алмаймыз. Ең бастысы жолды жөндеуіміз керек, тарихи есткерткіштерге апарар жолдар салуымыз қажет. Туристер демалатын арзан әрі ыңғайлы жатын орындар, демалыс орындарын көбейтуіміз керек. Міне, осы жұмыстарды атқарғанда ғана шетел саяхатшыларының саны арта түспек»,-деді облыс әкімінің орынбасары. Ал, Рақымбек Әміржанов қыруар қаржыны қажет ететін мұндай жобаларды жүзеге асыру алдағы уақыттың еншісінде екенін айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему