Қала әкімі спортшыларды марапаттады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қала әкімі спортшыларды марапаттады

25 Ноября 2015 (14:20) | 8011 | Автор: Нурганым Имашева

 

Халықаралық жарыстарда аймақ намысын абыроймен қорғап, облыстың спорт саласындағы жетістіктерін еселеп жүрген бір топ спортшыларды Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов арнайы қабылдап, Алғыс хаттар табыстады. Жеткіншектердің осындай биік белестерді бағындырып жүргендері нәтижелі еңбектің жемісі екенін атап өтіп, бапкерлер қауымына зор алғысын білдірді.

 

-Әр спортшының артында-білікті бапкер тұрады. Күні-түні тынбай еңбектеніп, өңірде спорт саласын дамытуға үлес қосып, жастарға патриоттық тәрбие беріп жүрген бапкерлер қауымына зор алғыс айтқым келеді. Халықаралық жарыстарда еліміздің көкбайрағы желбіреп, әнұраны асқақтағанда бір марқайып қалатынымыз рас. Сондықтан да алар асуларыңыз аласармасын, әрдайым жарыстардан жүлделі орындармен оралуларыңызға тілекшімін. Шаңырақтарыңыздан береке кетпесін, жеңістің туы желбірей берсін,-деген қала басшысы С.Трұмов, спортшыларды Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

 

 

Қала әкімі қолынан Алғыс хат алғандардың қатарында самбо күресінен спорт шеберлері Бауыржан Сағынғалиұлы мен Рамазан Мамаев (бапкері-Манарбек Бисекенов), кёкушинкай каратэ-додан спорт шеберіне үміткер Анарбек Қойшыман (бапкері-Мұхтар Джулдасов), дзюдо, самбо күресінен спорт шебері, Азия чемпионы Сұңғат Жұбатқан (бапкері-Манарбек Бисекенов), дзюдо, самбо күресінен спорт шебері Мейрамбек Жаңабай (бапкері-Қабыл Бисенқұлұлы), кёкушинкай каратэ-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Берекет Нұрбаев (бапкері-Мұхтар Джулдасов), күш сынасудан спорт шеберіне үміткер Айжан Маймақова (бапкері-Роман Исламғалиев) бар.

 

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов:

-Биылғы жыл біздің спорт мектебі үшін табыстарға толы жыл болды. Бұл-еселі еңбек пен үздіксіз дайындықтың жемісі деп білемін. Ригада өткен әлем чемпионатынан қос спортшымыз Бауыржан мен Рамазан қоланы иеленіп, бапкерлердің үмітін ақтады.

Сұңғат-Тайланд мемлекетінде өткен халықаралық жарыста топ жарып, Азия чемпионы атанды. Нұрсұлтан-Словенияда өткен жарыста үздіктер қатарынан көрініп, Европа кубогының күміс жүлдесін иеленді.

 Бұдан бөлек, спортшыларымыз республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап жүр. Осындай жетістіктерімізді ескеріп, бүгін көңіл бөліп, арнайы шақырып, құрмет көрсетіп жатқан жергілікті билік өкілдеріне алғыс айтамыз,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему