Қоғамды жайлаған дертпен күреске арналған басқосу
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 16:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қоғамды жайлаған дертпен күреске арналған басқосу

25 Ноября 2015 (14:17) | 1429 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментімен бірлескен түрде брифинг өткізді.

 

Шараға Департамент өкілдері, БАҚ өкілдері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.

 

Аталмыш жобаның үйлестірушісі Кошенова Алтынзердің мәлімдеуінше, «Брифингтің мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтың алдын-алуда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын-алуда азаматтық қоғам институттарының рөлін көрсету».

 

Брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруға мемлекеттің, азаматтық қоғамның атсалысу мәселесі және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптыстырудың жаңа форматы «Ашық келісім» және мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамның қанағаттану деңгейін анықтау бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысы таныстырылды.

 

«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ж.Ш.Маханбетова:

- Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алуда үгіт насихат жұмысының алар орны бөлек, ол қызметке ҮЕҰ тартылу арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы ақпарттандырамыз және құқықтық мәдениетті көтереміз, төзбеушілік сана қалыптастыруға мемлекеттік органдармен ынтымақтаса отырып ықпал ете аламыз.

Бірақ бұл жұмыс жүйелі түрде жүру қажет. Осы орайда, айта кету керек, ҮЕҰ-ға жергілікті атқарушы биліктің, бизнестің, БАҚ - тың қолдауы қажет. Қоғам атынан айтылған шағымдарға құлақ асу, шара алу маңызды,-дейді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему