VІІ «Блеф-клуб» танымдық ойын-сайысы
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

VІІ «Блеф-клуб» танымдық ойын-сайысы

24 Ноября 2015 (12:34) | 1440 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жақында қалалық «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызының ұйымдастыруымен Қазақстан республикасы Президентінің мерейлі мерекесі күні, Қазақ хандығының 550 жылдығына және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылғанына 170 жыл толуына орай жас әншілер арасында «Блеф-клуб» танымдық ойын сайысы болып өтті.

 

Сайысқа «Ән салу» үйірмесінің мүшелерінен құралған әр топта 12 ойыншыдан тұратын 3 команда қатысып, сонымен қатар әр топқа 2 ата-анадан көмек командасы ретінде ойынға қатысты. Ойын-сайыста «Ән салу» үйірме мүшелерінің өздерінің үйірмеден алған білімдерін ұштап, ізденімпаздығы мен шеберліктерін сынаққа салып, өз бетінше жұмыс атқару ерекшеліктерін игеру арқылы өз-өзін басқара білу білігін жетілдіруге ұмтылған топтардың мақсатты түрдегі бәсекеге лайықты екенін айғақтайтын байқау болды.

 

Ойынның ашылуында әр ұжым топбасшыларын сайлағанша сахнада республикалық, облыстық, қалалық және ІІ «Жаңа тыныс» ән орындаушылар байқауының лауреаты «Тенпрано» вокалдық тобының орындауында «Айттым сәлем, Қаламқас» әні орындалды.

 

Сайыскерлердің ойын алаңындағы іс-әрекеттерін таразыға салу үшін «Ән салу» үйірмесінің үлкен топтарынан құралған белсенді мүшелері жас әншілерге әділқазылар алқасы боп тағайындалып, таныстырылды. Бас төрешілікке «Ән салу» үйірмесінің белсенді мүшесі облыстық, қалалық ән байқауларының лауреаты Есбосынова Жұлдыз, алқа құрамына «Ән салу» үйірмесінің белсенді мүшесі «Тенпрано» вокалдық тобының әншісі республикалық, облыстық, қалалық ән байқауларының лауреаты Дәрібаев Сүндет және Ақлепесова Лаура тағайындалды.

 

Ойынға оқушылардың сұрауы бойынша әнге арналған көріністер енгізілді, негізінен, 3 бөлімнен тұратын сайысты қазылар алқасы жекелей бағалап ойыншыларды өздерінің ұпайларымен қуантып отырды. Әр бөлім өзінің әртүрлі бағытты ұстануымен сайыскелердің қызығушылығын туғызып, жұмыла ат салысуға, ұжым болып әрекеттенуе ынталандырды. І-бөлім «Әнді бейнеле» деп аталды. Мұнда берілген тапсырманы алдын-ала жасақтап, үй тапсырмасы ретінде этюд етіп орындап шығу көзделген болатын, тапсырма командалар үшін қиындық әкелгенмен, белсенділік көрсеткен топтардың ішінен жеңіс тұғырынан «Си» минор командасы көріне білді. ІІ-бөлімдегі тапсырманың және қосымша берілген «Әзіл сұрақтарда» ойыншылар, ата-аналар өте жоғары белсенділік танытып, көрермендерге дейін сауалдарды шешіп, өздерінің танымдылығымен бөлісе білді. ІІІ-бөлім - музыкалық әуенді таза ести білу, қабылдау, дәл орындау ырғақты сезінуі қасиеттерін жетілдіруге арналған болатын. Ойыншылар бұл сыннан да сүрінбей өтіп, командалардың ұжымдаса жүргізген жұмыстары көз қуантты.

 

Сайыс соңына қарай қазылар алқасы ойыншылардың ұпай нәтижесін шығарғанша көрермендер «Ән салу» үйірме мүшелерінің дайындаған шағын концертін тамашалады. «Ән салу» үйірмесінің ең кішкентай күміс көмей әншілерінен құралған «Балғын» вокалдық тобы «Жаңбыр» әнін нақышына келтіре орындап, көрермендерін бір қуантып алды. «Тенпрано» тобы «Көк тудың желбіреген» әнімен көпке серпін сыйлады. «Балауса», «Ләзім» вокалдық топтары «Гүл көбелек» әнін тамылжыта шырқады.

 

 

Сайыстың әр бөлімінде өзіндік ұпай жинаған командаларды марапаттау сәтінде жүрекжарды ақ тілектерін арнаған қазылар алқасы сайыскерлердің ойынын былайша бағалады: І-орынды «Ре» мажор тобы иеленсе, ІІ-орынды «Си» мажор командасыжеңіп алды, ІІІ-орын «Соль» минор ұжымына бұйырды.

 

Сайыс барысында ерекше белсенділік танытқан топбасшылары атап өтілді: І-орынға «D» dur командасының топ басшысы Науан Гауһар көтерілсе, ІІ - орынға «H» dur командасынан топ басшысы Серікбаева Аяулым лайық деп танылып, ІІІ-орын «G» moll командасының топ басшысы Бекболова Аружанға бұйырды. Сонымен қатар ойынға белсене қатысқан көмек командасының ата-аналары «D» dur командасынан Әбдіқалықова Ұлболсын, «H» dur командасынан Сатова Райхан және «G» moll командасынан Ноғаева Сәуле Алғыс хатпен мадақталды.

 

Ойын соңында сайыскерлер алған әсерлерімен бөлісіп, сайыстың өздеріне қуаныш сыйлағанын, бірлескен іске ұмтылдырған ұстазы Ұлболсын Хамзақызына алғыстарын айтып, ойынның тағы да жалғасын табуы туралы өтініштерін білдірді. Осындай тілекпен ата-аналар да шын пейілімен ризашылығын айтып жатты. Ойын сапында Ұлболсын Хамзақызы әр команданың белсенділік танытқан ойыншыларына топтық марапат жасап, қораптағы сыйлықтарын табыстады, яғни І-орынды «Си» мажор командасы жеңіп алса, ІІ-орынды «Соль» минор ұжым иеленді, ал ІІІ-орынға «Ре» мажор тобы көтерілді.

 

Оқушылардың күзгі демалыс уақытын үнемді пайдалану жолында «Ән салу» үйірмесінің жетекшісі Ұлболсын Хамзақызының ұйымдастырып өткізген бұл шарасы жастарға қосымша дем беріп, олардың өзге жолға бағыт алмауына кедергі жасаудағы іс-әрекеті еді, сонымен қатар балалардың ұжымға бейімделуі, дос-жарандары үшін өз-өзін игере білу, өзгеге көңіл бөліп санаса білу, сыйластық, қамқорлық т.б әрекеттердің барлығы командалық ойында айқын көрінгені анық.

 

-Осындай балаларымызға арналған тәлім-тәрбиесі мол дүниелері үшін біз «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызына дән ризамыз. Тәжірибелі ұстазбен мақтанамыз, жастарды алға жетелеу жолында бұл ұстаздың ерен еңбегі бұдан да зор мадаққа тұрады. Тек біз соны көре білейік дегіміз келеді. Ұлағатты ұстазға тілеріміз - әрдайым өнерде өрісіңіз кеңейіп, биікке өрлей беріңіз ,-дейді аталмыш сайыстан ақ ниетпен тарасқан ата-аналар қауымы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему