«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры толық іске қосылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 16:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры толық іске қосылды

24 Ноября 2015 (09:17) | 4626 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры толық іске қосылды. Өткен аптада Бейнеу ауданындағы ірі жобаның екінші кезеңі аяқталып, «Бейнеу-Бозой» учаскесі пайдалануға берілді. Осылайша «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы еліміздің барлық магистральды газ құбырын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне қосты. Бұл республика халқын үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, Қазақстан импорттық табиғи газға деген тәуелділіктен біржола арылатын болды.

 

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бір жарым мың шағырымға созылып жатыр. Ал, «Бейнеу-Бозой» аралығы 311 шақырым. Оның 120 шақырымы Маңғыстау облысынын аумағынан өтуде. Өткен аптада Бейнеу ауданында болған салтанатты шараға жиналғандар «Бейнеу-Бозой» газ құбырының іске қосылуын «тарихи оқиға», деп бағалады. Енді өзге елге қол жаймай, өз отынымызды тұтынуға мүмкіндік туды. Ел тұрғындарының тең жартысы тұратын оңтүстіктегі 4 облыс толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек. Бұл оңтүстіктегі ағайынның күл шығарып, отын жағу машақатынан құтылуына ғана емес, осы өлкедегі өндірістің қарыштауына да серпін береді.

 

Бексұлтан Құрманқұлов, «ҚазТрансГаз» ақ баспасөз қызметінің жетекшісі:

-«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының Ақтөбе облысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан , Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы және Алматы облыстарының бүкіл тұрғындарын, осындағы газдандырылмаған елді мекендерді газдандыруға толық қуаты жетеді. Шамамен 577 елдімекенге қосымша газ берілетін болады.

 

 

Бес жыл бұрын басталған бұл жоба келер жылдың сәуір айында аяқталуы тиіс еді. Халықты қыс түспей көгілдір отынмен қамтамасыз етуді көздеген «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы магистральды газ құбырын мерзімінен 5 ай бұрын іске қосты. Экономикалық һәм әлеуметтік маңызы зор жобаның арқасында жүздеген жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Есқали Қарабатыр, жұмысшы:

-Газ құбырының бітуіне байланысты жұмысқа қосымша адамдар тартылып жатыр. Себебі магистральды газ құбыры техникалық күтімді талап етеді. Соған байланысты біздің «Бейнеу желілік өндірістік» басқармасы 120 шақырым аралықта біздер техникалық күтім жасаймыз. Шамамен 50-60 тұрғын жұмысқа қабылданатын болдаы.

 

 

Айта кетерлігі, газ құбырын салу барысында тиімді менеджмент пен инновациялық шешімдер қолданған «ҚазТрансГаз» компаниясы бастапқы жоспарланған сомадан 150 млрд. теңге үнемделгенін мәлімдеді. Бастапқы жоба құны 2 млд АҚШ долларын құраған болатын.

 

Жаңа іске қосылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры Астана қаласы мен солтүстік өңірлерді де газдандыруға жол ашты. Қызылорда облысындағы Қараөзек компрессорлық станциясынан Астанаға дейін «Сарыарқа» газ құбыры тартылып, Елордамыз бен Жезқазған, Теміртау, Қарағанды қалаларына да отандық газ баратын болды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему