Дәулет ауылына ауыз су жетті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дәулет ауылына ауыз су жетті

13 Ноября 2015 (14:10) | 1505 | Автор: Мира Ботабекова

 

Дәл осы күні, көптен бері шешімі табылмай жүрген мәселе, Дәулет ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2000 текше метрлі су резервуары іске қосылды. 46 шақырымға жуық ауыл ішілік су құбырлары тартылды. Құрылысқа республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

 

- Қазіргі таңда Маңғыстау, Маңғыстау-1, Маңғыстау-2, Баянды-1, Баянды-2 ауылдарында тұрғындарға құбыр арқылы сапалы ауыз су беріліп отыр. Ал Батыр, Баянды-3, Атамекен ауылдық округтерінде ауыз су құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Сондай-ақ Маңғыстау, Басқұдық, Қызылтөбе ауылдық округтерінде ауыз су құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда, - деп атап өтті өңір басшысы.

 

 

Сонымен қатар облыс әкімі Маңғыстау-5 тұрғын массивінен бой көтерген учаскелік полиция пункітінің ашылу салтанатына да қатысты. Халқының өмірі мен тыныштығын сақтауды мақсат тұтқан тәртіп сақшыларына арналған ғимараттың құрылысына жергілікті бюджеттен 156 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

 

- Мұнайлы ауданының Ішкі істер бөлімі қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалып келеді. Ішкі құрамның штаттық бірлік саны 181 бірлікке дейін жеткізілді. Ауданда қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жоспарланған 60 бейнекамералардың биылғы жылы 30-ы қондырылады. Жергілікті бюджеттен 156 млн. көлемінде қаржы бөлініп, 8 учаскелік полиция пункті бой көтерді, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему