Маңғыстау құтқарушылары облыстық ауруханада   өрт-тактикалық оқу-жаттығуын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау құтқарушылары облыстық ауруханада өрт-тактикалық оқу-жаттығуын ұйымдастырды

9 Ноября 2015 (12:58) | 1875 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычеваның хабарлауынша, «Ақтауда Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Маңғыстау облыстық ауруханасында отты ауыздықтау және құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

 

Тактикалық жоспарға сәйкес, аурухананың бесінші қабатында орналасқан шаруашылық бөлмеде тоқтың қысқа тұйықталуының салдарынан өрт шыққан. От тез арада жанғыш заттар мен сөрелер бойымен тарады.

 

Өртке қарсы қызмет бөлімшелері шақырылған жерге жеткен бойда аурухана ғимаратының бесінші қабатындағы терезелерден түтін шығып жатты. Аурухана қызметшілерінің көмегімен және өзіндік әрекет етуімен 450 адам (шартты) қауіпсіз жерге көшірілді, сондай-ақ қатты түтіннің кесірінен ауруханада жатқан бірнеше адам тысқа шыға алмай көмек сұрады. Азғана уақытта түтеп жатқан ғимарат бөлмелерінен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру ұйымдастырылды. Жоғарғы қабаттарда емделіп жатқан адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін иінді көтергіш және автосаты техникалары пайдаланылды.

 

 

Жеке құрамның нақты және ауызбіршілікті іс-қимылының арқасында облыстық аурухана ғимаратындағы өрт жедел жойылды».

 

Оқу-жаттығуға 15 бірлік өрттен құтқару техникасы, олардың 7 бірлігі негізгі, 4 бірлігі арнайы және 4 бірлігі көмекші техникалар, сондай-ақ Өртке қарсы қызметі мен Ақтау қаласы бойынша өртке қарсы гарнизонының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерінің 78 бірлік жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, Апатты медицина орталығының 3 қызметшісінен тұратын 1 бригадасы жедел медициналық көмек көрсету автомобилімен, ІІД 11 экипажы мен 37 қызметкері, Ұлттық Ұланның 66/56 әскери бөлімінің 4 бірлік техникасы және 40 бірлік жеке құрамы қатыстырылды.

 

Мұндай оқу-жаттығулар өте қажет, себебі: біріншіден аурухана – бұл адамдардың көп шоғырланатын және көптеген өздері жүре алмайтын ауру адамдар жататын объекті, екіншіден, бұл ғимарат бөлмелерінде көптеген жиһаздар мен жатын жабдықтар, ем-шара жасау бөлмелерінде әртүрлі көптеген құрал-жабдықтар мен қондырғылар бар, ал бұл себептер өрт шыққан жағдайда адамдарды қауіпсіз жерге көшіруде қиындықтар тудырады.

 

Облыстық аурухана аумағында бірқатар маңызды объектілер: диагностикалық-емдеу корпусы, емхана, тамақтану бөлімі, дәріхана орналасқан. Бұл ғимаратта өрт шыққан жағдайда түзетуге келмейтін салдарлар орын алу мүмкін.

 

«Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында көпшілік адамдар жиналатын объектілерде өрт сөндіру кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен әдістері машықтандырылды. Оқу-жаттығу мақсатына жеттік және міндеттері толық көлемде орындалды. Барлық жұмылдырылған күштер мен құралдар нақты және ауызбіршілікте қызметтерін атқарды», - деп өткізілген шара туралы Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет майоры Еркінбек Сұлтанғалиұлы Нұрғали атап өтті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему