Алғашқы тоқсанды қорытындылады
Курс валют в Актау
на 10/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
10 Мая, 00:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғашқы тоқсанды қорытындылады

4 Ноября 2015 (09:33) | 1846 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі өкілі Рысгүл Рамазанова аталмыш оқу ордасының 2015-2016 оқу жылындағы алғашқы тоқсанда қол жеткізген жетістері туралы біздің басылымға мынадай ақпаратты ұсынды: «Ақтау қаласында химия-биология бағытында тереңдете білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебі биылғы жылдың 20-қазанында 2015-2016 оқу жылының бірінші тоқсанын аяқтады. Нәтижесінде мектептегі оқушылардың 68%-ы бағалау критерийі бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті.

 

Қазіргі таңда зияткерлік мектепте 462 бала оқиды. Оның 132-сі оқу ордасының интернатында тұрады. Мұнда тұратын балаларға барлық жағдай жасалған. Олар 5 уақыт тамақтанады. Интернатта демалу бөлмесі, кітап оқу бұрышы, медбике бөлмесі бар. Балалардың тәртібі мен денсаулығын күндіз-түні жұмыс істейтін тәрбиешілер бақылауда ұстайды».

 

Төремұрат Аралбаев Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сыныбында оқиды. Ол мектепке Боранқұл орта мектебінен ауысып келді.

 

-Назарбаев Зияткерлік мектебіне алғаш келгенімде қатты қобалжыдым. Өйткені ауданның қарапайым орта мектебінде оқып жүріп, іріктеу кезеңінен өтемін деп ойлаған жоқпын. Бірақ бұл жердегі оқыту жүйесі көңілімнен шығып, тез үйренісіп кеттім. Мектептің интернатында жатып оқимыз. Барлық жағдай жасалған. Маған таңертең және түс мезгілінде болатын флеш-моб ұнайды. Сабақтан шаршап шыққанда денеңді сергітеді, - дейді Төремұрат мектептегі алғашқы күндері туралы.

 

 

Баспасөз қызметі маманының айтуынша, «Балалардың өзіндік жауапкершілігін нығайту мақсатында 15-қазан күні мектептің алғашқы президенті сайланды. Сайлауда мектеп оқушылары, ұстаздар және қызметкерлер де дауыс берді. Мектеп президенті болуға ниет білдірген 17 оқушы сайлау басталардан бұрын арнайы бағдарламаларын дайындап, оны көпшілік назарына ұсынып, талқыға салды. Сайлау қорытындысы бойынша 535 адам дауыс берген. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 11 «А» сынып оқушысы Есет Сидешов мектеп президенті атанды. Ол әр дүйсенбі сайын жиналыс өткізіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда.

 

Оқу жылы басталғалы бері мектепте бірқатар маңызды шаралар өтті. Қыркүйек айының соңында мектеп ішінде «Үздік жыл мұғалімі-2015» байқауы ұйымдастырылды. Оған 13 ұстаз қатысып, өз бақтарын сынады. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ұстаздардың сабақ жүргізу әдісін бақылаудан тұрса, екінші кезеңде мұғалімдердің ұстаздық жолындағы еңбектерін көрсететін көрме ұйымдастырылды. Үшінші кезеңде ұстаздар «Мен - ұстазбын, мен - тұлғамын» тақырыбында презентация өткізді. Ал соңғы кезеңде ұстаздарға педагогико-психологиялық тапсырманы шешу ұсынылды. Байқауды бағалаған қазылар алқасының шешімімен, Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Үздік мұғалімі» атағына информатика пәнінің мұғалімі Алқуат Қазиев лайық деп табылды.

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздардың білім сапасы мен жеке ізденісіне басты назар аударады. Ұстаздардың білім деңгейін көтеріп, бойындағы жан-жақтылықты дамыту үшін оларға түрлі тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылуда. Сондай треингтердің бірі қазанның 21-27 аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДДБҰ-ның ұстаздарына арналған «Ойлау дизайны» тақырыбында өткен тренинг.

 

Шараға Атырау, Ақтөбе, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да қатысты. Тренингті «Into Actions» компаниясының директоры Рейнолд Стейнбек (Reinhold Steinbek) жүргізді. Ол сабақты қызықты өткізуге қатысты кеңестер беріп, баланы қызықтыру, креативті ойлау жолдарын көрсетті».

 

Рысгүл Рамазанованың баяндауынша, «Оқушылардың уақытын тиімді әрі нәтижелі пайдалану үшін оларға 20-дан астам үйірме сабақтары өткізіледі. Үйірмелер бірнеше секцияға бөлінген. Балалардың спортқа қызығушылығын ояту үшін баскетбол, воллейбол, футбол, үстел теннисі секциялары жұмыс жасаса, шығармашылыққа бейім балалар вокал, хореография, актерлік шеберлік үйірмелеріне қатыса алады. Сонымен қатар, web-бағдарламалау, телестудия, графикалық дизайн, үйірмелері де бар. Мектеп телестудиясында балалар оқу ордасының жаңалықтарын дайындап, суретке түсіруді, монтаж дайындауды үйренеді.

 

Жаңадан іске қосылған мектеп оқушылары белсенділік танытып, республикалық жарыстарға қатыса бастады. Оқушыларымыз Қызылорда қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мектептері арасында шахматтан өткен сеттік турнирге қатысты. Мектеп абыройын Нұркамал Алихан, Бекес Эльмира 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, ал Илекеров Бейбарыс және Көрпебаева Венера 17-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында қорғады.

 

«Екі күнге созылған турнир барысында өте көп тәжірибе жинақтадық»-дейді оған қатысушылар.

 

Қазанның 26-сынан бастап оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын тоқсан барысында шәкірттерді қызықты кіріктірілген сабақтар мен байқаулар күтіп тұр».

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему