Ұрлық түбі - қорлық
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұрлық түбі - қорлық

3 Ноября 2015 (15:39) | 2299 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау аудандық Ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасаған топты құрықтады.

 

«Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болған қылмыстарды ашу бағытында барлық мүмкіншілікті, күш-құралдарды тиімді пайдалана отырып, жұмыстар атқарылуда»,-деп мәлімдеген Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева:

-Осы мерзім ішінде тіркелген қылмыс -165 (2014-173), оның ішінде орта дәрежедегі 95 және кішігірім дәрежедегі 40 қылмыс тіркеліп, тіркелген қылмыстың ашылуы 71,2 пайызды құрап отыр.

 

Бүгінгі таңда жедел жағдай тұрақты қалыпта, алайда, аудан көлемінде ұрлық дерегінің орын алуы жалғасуда, осы ұрлықтың алдын алу, болған ұрлық деректерін әшкерелеу мақсатында бөлім қызметкерлері күні-түні жасақталған жоспарлар бойынша жан-жақты оперативтік түрде іс-шаралар атқаруда.

 

Нәтижесінде, аудан көлемінде және облыс аумағында жасалған бірқатар ұрлық деректері әшкереленуде. Осы әшкереленген ұрлық деректеріне тоқтала өтсек:

Мұнайлы ауданы, Атамекен селосының 3-тұрғыны және Өзбекстан Республикасының азаматы Ш. Ж өзара сөз байласып, ұйымдасқан топ құрып, облыс көлемінде орналасқан «К-Mobile» ұялы байланыс жүйесінің торабындағы контейнерлерден аккумуляторларды ұрлау қылмыстарын жасаған. Яғни, 19.10.2015 жылы сағат 04:48 шамасында Маңғыстау ауданына қарасты «Отпан тау» тарихи кешенінде орналаскан «Ұялы байланыс» операторлар жүйесінің торабындағы контейнерлерден авариялық жағдайда электр тоғымен қамтамасыз ететін аккумуляторларын жоғарыда аталған топ мүшелері УАЗ Патриот (пикап) маркалы автокөлігімен жасырын ұрлап бара жатырған мезгілде, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен құрықталып, ішкі істер бөліміне жеткізілген.

 

Тергеу амалдары кезінде жоғарыда көрсетілген азаматттардың облыс көлемінде 7 рет ұрлық жасағандығы анықталды.

 

2015 жылдың тамыз айының 09 жұлдызы күні «Отпан тау» тарихи кешеніне барып ұялы байланыс торабының контейнерлерінен 12 дана аккумуляторлар ұрлаған.

 

 

2015 жылдың қазан айының 07-нен 08-не қараған түні Жетібай селосының қасында орналасқан «К-Mobile» ұялы байланыс телефонының торабының контейнеріне барып, сол жерден 24 (жиырма төрт) аккумуляторларды ұрлаған.

 

Одан әрі, 2015 жылдың қазан айының 14-нен 15-не қараған түні Жетібай бағытынан Жаңа-Өзен қаласына қарай 30-35 шақырым жол бойында орналасқан «К-Mobile» ұялы байланыс телефонының торабының контейнерінен 12(он екі) дана аккумуляторларды ұрлаған

 

Оған қоса, Мұнайлы ауданы аумағында 2015 жылдың қазан айының басында нақты күні белгісіз «К-Mobile» ұялы байланыс операторлар жүйесінің торабынан 28 дана аккумуляторларды ұрлаған.

 

Сөйтіп жоғарыда аталған топ мүшелері облыс көлемінде орналасқан «К-Mobile» ұялы байланыс мекемесіне көп мөлшерде материалдық шығын келтірген, келтірілген шығын дерегі әлі де анықталуда,-деді.

 

Баспасөз қызметі өкілінің баяндауынша, «Қазіргі таңда осы ұсталған топ мүшелерінің үстерінен ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлімінің 1,2,3 тармақтарымен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ҚР-ның ҚІЖК-нің 128-бабына сай, Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Алдағы уақытта біздің басым бағыттағы міндетіміз - қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау және қылмыстың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шара жұмыстарын жүргізе отырып, аудан көлемінде орын алған ұрлық деректерін ашу бағытында барлық мүмкіншілікті пайдалану».

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему