Ақтауда «Ақ таяқ» байқауы өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Ақ таяқ» байқауы өтті

2 Ноября 2015 (09:35) | 2424 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда «Қазақ зағиптар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің ғимаратында жыл сайынғы дәстүрлі «Ақ таяқ» облыстық сайысы ұйымдастырылды. Шараға облыстың аудан-қалаларынан келген 60-қа жуық көру қабілетінен айырылған зағип жандар қатысты.

 

Аталмыш байқауға қатысушылар жылдағыдай «Көркем сөз оқу», «Жеке ән салу», «Жеке аспапта өнер көрсету», «Қолөнер бұйымдары» номинацияларында сайысты, сонымен қатар Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазу және дойбы турнирі түріндегі жарыстар да өткізіліп, байқау екі күнге созылды.

 

Ұйымдастырылған шараның мақсаты туралы әңгімелеген «Қазақ зағиптар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Амангелді Рахметұлы Мұхамедов:

-Біздің негізгі мақсатымыз-зағип жандардың өнерін ұштау, халыққа зағиптар арасындағы ерекше өнерімен танымал адамдарды таныту, олардың үйде отырып қалмай, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру, спорттық, мәдени шараларға қатыса алатындықтарына сендіріп, жалпы осындай шараларды ұйымдастыру арқылы Отанға деген бұл адамдардың мейірімін, өмірге деген құлшынысын арттыру,-деген пікірін білдірді.

 

 

Қоғам төрағасы сайыстың өтуіне бас демеуші болып, көмек көрсеткен «Қарақұдықмұнай» компаниясының басшыларына, сайыстан соң үшінші күні «Виктория» қонақ үйінің мейрамханасында қоғам мүшелері үшін мерекелік дастархан жаюды ұйымдастырған «Пирамида» ЖШС (КохТ.В.), залды шармен безендірген «ЖК Бақтыбаева», аппаратурамен көмектескен облыстық мәдениет басқармасына (Абай атындағы МДК) үлкен алғысын білдірді.

 

Жыл сайын елімізде 13 қарашада аталып өтілетін «Зағиптар күні» мен қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін «Мүгедектер күні» аралығында ұйымдастырылған бұл байқауға облыстың аудан-қалаларынан келген көру қабілеті нашар жандар құлшыныспен қатысып, белсенділік танытты. Солардың бірі ІІ топ мүгедегі Шындауылова Жаңылсын:

-Бүгінгі байқауға «Қолөнер бұйымдары» аталымы бойынша қатысып отырмын. Шашуға арналған бұйымдарды дайындап әкелдім. Осындай байқаулардың біз үшін маңызы зор, себебі бір-бірімізбен араласып, шүйіркелесіп, бір-біріміздің өнерімізбен танысамыз. Үйде тұйықталып отырып қалғаннан гөрі қоғам мүшелерінің қарым-қатынас жасап, бір-бірінің өнерін үйренгені құптарлық жайт деп санаймын,-деді.

 

Домбырасын құшақтап келіп, «Жеке аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша сайысқа қатысқан Мұнайлы ауданының тұрғыны Елеусінов Жақсылық:

-Бұл сайысқа жыл сайын қатысамын. Бала кезімнен, 10 жасымнан бастап күй тартуға қызығушылығым бар. Бүгін М.Өскінбаевтың «Өрлеу» күйін орындаймын. Осындай байқаулардың өткізілуін құптаймын,-деген пікірімен бөлісті.

 

Аталмыш сайыстың қазылар алқасы қатарында облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, сазгер Төлес Нұрмағамбетов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Асқар Көшеров және Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастырушысы Балзира Гикаловалар болды.

 

 

Байқаулардың қорытындысы бойынша қатысушылар қатарынан жеңіске жеткендер: «Көркем сөз оқу» аталымы бойынша:

І-орын.Ақтау қаласынан Тыныштықбаева Айжан (І топ).

ІІ-орын. Жаңа Өзен қаласынан Килджанов Асқар (І топ).

ІІІ-орын. Ақтау қаласынан Толстова Елена (І топ).

 

«Жеке ән салу» номинациясы бойынша орын алғандар:

І-орын Беклиева Паша (Жаңа Өзен қ.-І топ).

ІІ-орын. Смайлова Орал (Ақтау қ., І топ).

ІІІ-орын. Бекжұмаева Ақгүл (Мұнайлы ауданы, ІІ топ).

 

«Жеке аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша жеңімпаздар:

І-орын. Елеусінов Жаксылык-І топ, (Мұнайлы ауданы).

ІІ-орын. Қарабалаев Әсет І топ, (Түпқараған ауданы)

ІІІ-орын. Базарбаев Оразхан І топ, (Жаңаөзен қ).

 

«Қол өнер бұйымдары» номинациясы бойынша жеңіске жеткендер:

І-орын.Чиндаулова Тазагүл І топ, Ақтау қ.

ІІ-орын. Нұрбаева Алтын ІІ топ, Ақтау қ.

ІІІ-орын. Қосыбаева Иба ІІ топ, Жаңаөзен қ.

 

Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазудан орын алғандар:

 

Дойбы турнирі бойынша жүлдегерлер:

І орын. Райымбердиев Алтынбек І топ, Ақтау қ.

ІІ орын. Ибраев Қуаныш І топ, Ақтау қ.

ІІІ орын. Сосықбай Оразбай І топ, Мұнайлы ауданы.

 

Барлық сайыс жеңімпаздарына демеушілер тарапынан жасалған сыйлықтар тарту етілді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему