Маңғыстаулық құтқарушылар оқушыларға арнап «Ашық есік» күнін ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 01:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар оқушыларға арнап «Ашық есік» күнін ұйымдастырды

27 Октября 2015 (14:57) | 1335 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Жуырда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағынын Ақтау қалалық сүңгуір-құтқарушылары Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 20 жыл толуына арнап, «ЭКО Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен және облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен Ақтау қаласының № 10 орта мектеп оқушыларына «Ашық есік» күнін өткізді»,-деп хабарлайды аймақтық ТЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Ходжабекова.

 

Судан құтқару бекетіне сынып жетекшілерімен келген оқушыларды бекет басшысы мен құтқарушылар күтіп алды. Олар оқушыларға құтқару қызметінің жаңа жабдықтарын және құралдарын көрсетті, бекет бастығы Сенербаев Бисен Сенербайұлы және бас құтқарушы Корганбаев Ельбрус Өтелгенұлы құралдардың қайда қолданылатындығы, сүңгуір киімдерін қалай кию туралы, құтқару құралдары, дөңгелектері, жилеттер, аквалангтар жайлы түсіндірді.

 

Одан кейін жаңа жабдықтар, қайықтар, мотор ілінген шағын кемелер туралы айтылды. 

 

Балалар мамандарды қызығушылықпен, зейін қойып тыңдап, пайдалы ақпарат алып, құтқарушыларға саяхат үшін алғыстарын айтты.

 

 

«Эко Маңғыстау ҮЕҰ-ның директоры Кирилл Осин:

-«Ашық есік күні» шарасын әртүрлі ұйымдарда және өндірістік нысандарда мамандықты насихаттау және оқушылар үшін болашақ мамандығын таңдауға жағдай жасау және өңірдегі өзекті мәселе-жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында «Мамандықтың бір күні» акциясы аясында өткіземіз», - деп атап өтті.

 

Акция мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатында Маңғыстау облысы жастар саясаты басқармасының қолдауымен келешекте де өз жалғасын таппақ.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему