Маңғыстау облысы көлемінде республикалық «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 10:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы көлемінде республикалық «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

22 Октября 2015 (14:34) | 1474 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау облысы көлемінде шұғыл жағдайды сауықтыру үшін, тиісті құқықтық тәртіпті қамтамас ету, тұрақты жері мен құжаттары жоқ облыс аумағында заңсыз келіп, тұрып жатқан тұлғаларды, сонымен қатар, заңсыз еңбек етіп жүрген шетел азаматтарын аңықтау мақсатында, сондай-ақ Маңғыстау облысы ІІД-нің 13.05.2015 жылғы №299бірлексен бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 мен қазан айының 2 аралығында «Заңсыз келуші-2015» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді»,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі Шолпан Юлдашева.

 

Баспасөз қызметі маманының мәлімдеуінше, «Аталған іс-шараға Ішкі істер органының – 184 қызметкері жұмылдырылды.

 

Сонымен қатар – 22 бірлескен ұтқыр топтар құрылды.

 

Іс-шараның бес күнінде төмендегідей әкімшілік құқық бұзушылықтар аңықталып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің келесі баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

     - Қоғамдық орындарда тиіскені үшін (ҚРӘҚБтК-нің 449 бабының 3 бөлігі)– 6 шетелдік;

     - Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517 бабы)– 1048 шетелдік;

     - Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 518 бабы) – 78 ҚР азаматы тартылды;

     - Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519 бабы) – 46 тұлға тартылды;

     - Сот органдарының шешіміне сәйкес елден тыс жерге – 110 шетелдік шығарылды, оның ішінде азаматтық сот өндірісімен – 1;

     - 822 шетелдіктің уақытша болу мерзімдері қысқартылды;

     - 1 шетелдік азаматшасымен ҚР Қылмыс Кодексінің 135 бабымен «Кәмелетке толмағандар саудасы» көзделген қылмыс жасалды;

     - іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды (ҚРҚК 188 бабы «Ұрлық»);

     - сотқа дейін тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне сәйкес 7 шетелдік азаматына қылмыстық іс қозғалды(ҚР ҚК 393 бабы бойынша «Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау» - 6 факт, ҚР ҚК 395 бабы бойынша «ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу» - 1 факт);

     - Ішкі істер органдарында 945 адам есепке алынды, оның ішінде: дактилоскопияға және «Бейне++» есебіне енгізілді».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему