Қоғамдық тыңдауда басқосты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қоғамдық тыңдауда басқосты

21 Октября 2015 (11:35) | 1508 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстанның Азаматтық Альянсы ҚР Мәдениет және спорт минитстірлігінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету уәкілеттігін Азаматтық секторға беру сұрақтары бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында елдің барлық аймақтарында үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттестігін дамытуға бағытталған кешенді шараларын өткізді. 

Жоба шеңберінде жұмыс жасауға Астана, Алматы қалалары мен ҚР 14 облысынан үкіметтік емес ұйымдар және сараптамашылар тартылды, қызметтерін аумақтық азаматтық Альянс пен Қазақстанның Азаматтық Альянсының серіктестік ұйымдары ұйымдастыруда.

Жуырда елдің барлық аумағында «Мемлекет басшысының азаматтық қоғам интитутына әлеуметтік мемлекеттік маңызды қызметтердің өкілеттілігін беру бойынша бастамасын талдау жөнінде» қоғамдық тыңдаулар өтті.

Өткен аптада Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда тақырыпты талдау барысында үкіметтік емес ұйымдарға азаматтық секторға берілуге болатын мемлекеттік функциялар мен әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет тізімі ұсынылды. 

Облыс орталығында ұйымдастырылған қоғамдық тыңдау нәтижесінде мынандай сауалдарға жауап алынды: ҮЕҰ секторы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жауапты міндетіне дайын ба? ҮЕҰ бұл қызметті көрсете алады ма? 

 

 

- «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР заңына сәйкес қазіргі таңда қызметтерді Азаматтық қоғам институттарына беру белсенді дамып жатыр.

Нақты жағдайда жергілікті атқарушы органдардың тапсырыс қаржысының есебінен 5 мемлекеттік мемлекеттік қызметі Азаматтық қоғам институттарымен балама түрде заңға сәйкес көрсетіліп жатыр. Атап айтатын болсақ, олар:

1.Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз ету; 

2.Мүгедектерге оның ішінде жүріп-тұру қиындықтары бар бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекшінің, сонымен қатар есту қабілеті төмен мүгедектерге қимылмен түсіндіретін маман қызметін көрсетуге құжаттар рәсімдеу.

3. Мүгедектерге кресло-коляскалар бөлу.

4.Мүгедектерді санаторлы-курортты еммен қамтамасыз ету. 

5. Үйдегі күтім жағдайына арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.

Аталған секторды реформалауда соңғы бес жылда арнайы қызметтерді үкіметтік емес ұйымдармен көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын қызметтер саны 4 тен 14 ке дейін өсті. 

Қазір 70 тан астам ҮЕҰ азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. Ағымдағы жағдайда аталған қызметтерді тұтынатын азаматтарды саны 5000 нан асты. Межеленген мақсаттарға жету үшін 2009 -2014 жылдары республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. 

Мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын ҮЕҰ 16 бағыт бойынша көрсетіліп жатырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын да батыл айта аламыз. Тек қана аталған тізімді кеңейтуді ғана ұсынып отырмыз.- деді Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының президенті, сарапшы Маханбетова Жақсыгүл Шахзадақызы. 

Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Батырхан Куанышбеков өзінің Ұлыбритания еліне барған сапары барысында танысқан жастармен жұмыс жүргізудің халықаралық іс-тәжірибесімен бөлісті. 

 

Жиын барысында талқыланған тақырып бойынша толғандырған сауалдарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, белсенділік танытқан ҮЕҰ-дың өкілдері өз ұйымдарының бұл бағытта атқарған қызметтері жайлы баяндап, келешекте де халыққа әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсетуге дайын екендіктерін танытты. 

 

Шара соңында қатысушылар бірауыздан келесідей ұсыныстар қабылдады:

1. Мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету уәкілеттігін Азаматтық секторға беруге ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізілімін Қазақстанның Азаматтық Альянсына жолдау.

2. ҮЕҰ жұмыс тобының отырысына дейін мемлекеттік қызметтердің тізілімімен танысып, Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының почтасына өз ұсыныстарын жіберу.

3. Ұсынылатын қызметтер тізіліміне ауыл шаруашылығы, туризм саласындағы қызмет түрлерін қосу.

 

-Алдымыздағы айда әрбір аймақтарда ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсететін азаматтық қоғамға қойылатын критерийлер мен талаптар және мемлекеттік маңызды әлеуметтік қызметті азаматтық секторға ұсынудың мүмкін болатын механизмдері бойынша ұсыныстар беретін шаралар өтеді,-дейді Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Гүлбаршын Қарабалина.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему