Маңғыстаулық құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтті

20 Октября 2015 (14:21) | 1453 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығындағы Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Аманқұлұлы Шөжеғұловтың және мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен 19 қазан-Қазақстан Республикасының құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

 

1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Төтенше жағдайлар Мемлекеттік комитетінің өкіміне сай елімізде 19 қазан - Азаматтық қорғау күні болып атап өтіледі.

 

Мерекелік іс-шараның басында қонақтарға және қызметкерлерге ТЖ саласының тыныс-тірлігі туралы фильм көрсетілді және қызмет бабында жүріп, қаза болған өртсөндіруші-құтқарушыларды 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі жасалды.

 

Залға салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы кіргізілген соң Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Калмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовтың құттықтау сөзі оқылды.

 

Осыдан соң сахна төріне көтерілген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Аманқұлұлы Шөжеғұлов және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызметінің полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев ТЖ саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен қызу құттықтады.

  

Салтанатты жиын аясында бірқатар мемлекеттік мекемелер мен органдар, басқармалардың басшылары, ТЖ саласында ұзақ жылдар бойына қызмет еткен ардагерлер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды және бүгінгі таңда табысты қызмет етіп жүрген өртсөндіруші-құтқарушыларға, басшы құрам қызметкерлеріне Ішкі істер Министрлігі ТЖ Комитетінің Құрмет Грамоталары, аймақ басшысының Алғыс хаттары табысталды.

   

Шара соңында кеш қонақтарының назарына Маңғыстау облыстық ТЖ Департаменті және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен дайындалған салтанатты мерекелік концерт ұсынылды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему