Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау шарасын ұйымдастырды

15 Октября 2015 (10:15) | 1345 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Жуырда қалалық ТЖ Басқармасының мамандары «ХҚКО» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне арналған «Өрт қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу» тақырыбына арнайы жиын өткізді.

 

Шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне адамдар жаппай жиналатын ғимараттарда сақталуы тиіс өрт қауіпсіздік ережелері таныстырылып, оқыс оқиға болған жағдайда қажетті іс-әрекеттер жайында түсіндірілді.

 

-Тараз қаласында тоғыз қабатты әкімшілік ғимаратта алапат өрт шықты. Қызыл жалын 2000 шаршы метрдей аумақты шарпып өткенмен, өрттен қаза тапқандар жоқ, алайда, тілсіз жаудан 8 адам зардап шекті. Олардың төртеуі түтін иісінен уланған, өзгелері дене жарақатын алған.

Өрт сөндірушілер келгенше, ғимараттағылар іштегілерді терезеден төменге лақтырған. Осыған орай Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары халық көп шоғырланатын орындардың қызметкерлерінің қаперіне бере отырып, мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:

-        өрт сөндірушілер келгенге дейін отты сөндіру (бұл уақыт аралығында үлкен өрт шығуы мүмкін);

-        түтіндеп кеткен баспалдақ алаңы арқылы шығып кетуге тырысу (ыстық ауа өкпені күйдіреді, ал түтін өте уландырғыш болып келеді);

-        жоғары қабаттардан су ағатын құбыр немесе тіреу арқылы жіптердің және ақжаймалардың көмегімен түсу;

-        терезелерден секіру (статистикаға сүйенсек, 4-ші қабаттан бастап секіргендердің әрбір екіншісі өлімге әкелген)-деп мәлімдедіАқтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Н.Т.Джаумиткалиев.

 

Сонымен қатар, шарада еліміздің аумағындағы әкімшілік ғимараттарында орын алған өрт оқиғалары жайында бейне роликтер көрсетілді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему