Сертіне адал сарбаз
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сертіне адал сарбаз

13 Октября 2015 (09:37) | 2717 | Автор: Нурганым Имашева

 

Отан алдындағы борышын адал атқаратын, халқы үшін от пен суды кешіп, ешбір қиындықтан тайсалмай, әркез батылдық танытып, елі үшін қандай болсын кездескен қиындыққа қасқайып қарсы тұру, азаматтардың өмірін «тілсіз жаудан» аман сақтап, олардың мүлкін де өрт кезінде қорғап қалуға тырысатын нағыз ердің ері-құтқарушы, өртсөндірушілер десек. oлардың арасында өзіне осындай қызығынан гөрі қиындығы мен жоғары жауапкершілігі басым мамандықты серік еткен нағыз ерлер көп-ақ.

 

 

Солардың бірі - Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны Құлманов Азамат Сақтағанұлы өртке қарсы қызмет органдарында 2006 жылдың қыркүйек айынан бері қызмет етуде. Аталған лауазым бойынша 2014 жылдың ақпан айынан бері қызмет етіп келе жатқан Азамат өзін білікті және тәртіпті қызметкер ретінде таныта алды.

 

Жауапкершілік жүгі ауыр өртке қарсы қызмет маманы болуды неліктен таңдағаны жайлы сауалға, ол: «Менің бұл мамандықты таңдауыма алдымен ата-анамның отбасында берген тәрбиесі, ер адам алдымен, өз Отанын қорғайтын ержүрек, батыл болуы қажет деп өсіргені, осындай қызметтің бар екенін айтып, бағыт-бағдар бергені себепші болса, өз тарапымнан әрбір Қазақстан азаматының парызы-елге, Қазақстан Республикасына қызмет ету деп санаймын, сондықтан өртке қарсы қызметі – адамдардың, мемлекеттің мүлкін өрттен аман сақтап қалу болғандықтан, елге қызмет ету үшін осы саланы таңдадым. Өз жүрек қалауыммен осы мамандықты қаладым. Халыққа қызмет етуді мақсат тұттым. Әрі әкемнің немере інісі осы салада қызмет ететін, бала кезімде формамен үйімізге келген сол туысымды көріп, осы кісідей болсам деген арман да болған,-деп жауап берді.

 

 

«Біздің қызметіміз – тек өртті сөндіру ғана емес, сонымен қатар, өрттің алдын алу, яғни, әртүрлі нысандарға барып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Егер кемшіліктер анықталса, оларды қалай түзету жолдарын үйретеміз. Әрбір мектепке барып, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы интерактивті сабақтарды өткіземіз. Сонымен қатар, әрбір сенбі сайын, шағынаудандардағы әрбір үйге барып, тұрғындар арасында тұрмыста өрттің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз»,-деген Азамат Сақтағанұлы, «Өртке қарсы қызметі сарбазы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? - деген сұраққа ойланбастан: «Ең алдымен біздің қызметте сарбаздың денсаулығы мықты болуы тиіс, екінші білім жағынан жақсы маман болуы керек, үшіншіден - ержүрек, батыл, шыдамды, қандай да қиындыққа төзімді, берген сертіне адал, қайратты жігіт болуы болуы керек»,-деді.

 

Екі бірдей ЖОО-н тамадаған Азамат - 1-ші жоғары білімді, 2010 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтынан алды, мұнда әскери іс және «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілген

 

2-ші жоғары білімді 2012 жылы «Болашақ» Қызылорда университетін бітіріп алды, бұл оқу орнында оған «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілген. Әңгімелесу барысында өзінің Сыр өңірінде дүниеге келгені жайлы айтып өтті.

 

2014 жылғы 19 наурызда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемелер арасында өткен «Маңғыстау облысы бойынша 2014 жылғы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының үздік қызметкері» конкурсының 1-кезеңінде жеңіске жетіп, бірінші орын алған Азамат Құлманов, «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» VII-ші Республикалық конкурсына қатысып, өрттің алдын алу ісінде қол жеткізген жоғарғы көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министірі В. Божконың қолынан марапатталған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Астана қаласында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» VIII-ші Республикалық байқауынан ІІ орын алып, ҚР ТЖ Министрі В.К. Божконың атынан грамотамен марапатталған.

 

 

Кейіпкермен қызмет орнына барып әңгімелесу барысында оның әріптестері арасында беделді, сыйлы екені байқалды, қызметтестері мен қызмет барысында байланысатын азаматтар арасында өзін сыпайы және әдепті қалпында ұстайтын бас маман өз қызметіне адал, лауазымдық міндетін жауапкершілікпен атқару арқылы өзі тәлімгерлік ететін мекемедегі жас мамандарға да үлгі-өнеге көрсетіп, басшылық етіп отыратыны көрініп тұрды.

               

Азамат Сақтағанұлы қызмет ететін мекеме басшылары да бас маман жайлы жақсы пікірде: «Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бойынша өртке қарсы қызметінің көрсетілген арнайы талаптарын біледі. Қызметте өртке қарсы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, қаулыларын және Кодекстері, бұйрықтарын, жарғыны және нұсқаулықтарды қатаң басшылыққа алады. Атқарып жүрген қызметі бойынша қажетті теориялық дайындығымен қоса іс жүзінде тәжірибесі бар.

 

Қызмет мерзімі ішінде стратегиялық және программалық құжаттарды уақытында меңгеріп, жұмыс барысында жаңа коммуникациялық ақпараттық техникаларды, Министрлікпен жүйеге қосылған жаңа ақпараттық жүйелерді пайдалануды меңгерген.

 

Өртке қарсы қызмет капитаны Құлманов А.С. сауатты және адал қызметкер, басшылықтардың қойған міндеттерін уақытылы орындайды, жиі білімін жетілдіріп отырады, қызметте ақылды ынтагерлік көрсетеді, қызметтік сұрақтарды шешу барысында тиянақтылық танытады.

 

 

Физикалық тұрғыдан жақсы шыныққан, саптық қатарда жинақы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Департаментінің спорттық іс-шараларына белсенді қатысып отырады.

Мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасының ар-намыс Кодексін, қызметтік және еңбек тәртібін сақтайды»,-деген мінездеме берді.

 

Биылғы жылы Көкшетау техникалық институтын тамамдап, Ақтау қалалық ТЖ Басқармасына қызметке орналасқан қос жас маманға тәлімгер болып тағайындалған Азамат Сақтағанұлы өз ізбасарларына бар білгенін үйретіп, олардың қызметте мол тәжірибе жинақтауларына өз септігін тигізуде.

           

Жас маманның бірі Ақтау қалалық ТЖ Басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Әбдіраш Нұрсұлтан Асқарұлы:

 -Осы қызметте тәлімгеріміз Азамат Құлмановтың ізін басып келеміз, қызметте жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көрінуге үміттіміз. Тәлімгеріміздің тәжірибесі үлкен,

осы уақытқа дейін біз одан көп нәрсе үйрендік, нысандарды тексеру барысын, заңнамаларды оқып, зерделеу сияқты бағытта біраз тәжірибесімен бөліскен Азамат Сақтағанұлы бізге мол үлгі-өнеге беруде,-деді ризашылық сезіммен.

Өз қызметтестерін 19-қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күні және азаматтық қорғаныс органдарының 20 жылдық мерейтойы - кәсіби мерекесімен құттықтаған бас маман Азамат Құлманов:

-ҚР ІІМ ТЖ Комитетіне қарасты Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің барлық қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Қызметтерінде биік шыңдарды бағындырып, жетістіктен-жетістікке жете берулеріне тілектеспін. Отбасылары аман болып, аспанымыз ашық, еліміз-тыныш болсын!-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему