Ақтау қалалық прокуратурасы азаматтарды қабылдады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық прокуратурасы азаматтарды қабылдады

12 Октября 2015 (11:22) | 2900 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қазан 2015 жылы прокуратура органы мен «Нұр Отан» партиясы арасындағы әріптестік Меморандум аясында, Ақтау қаласы прокурорымен жергілікті мәселелер бойынша тұрғындардың рөлі мен ынталылығын арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізілді.

 

«Аталған шара барысында, шағымданған азаматтар тарапынан жұмыс беруші «Гульнар Строй Сервис» ЖШС-мен еңбекақы төлемеу мәселелері, жер заңнамаларының бұзылуы, азаматтық істер бойынша қабылданған сот актілерімен келіспеу, сондай-ақ Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, азаматтар құқықтық қатынастағы басқа да заңнама талаптарын түсіндіруге жүгінді.

Шара кезінде 7 жеке тұлға шағыммен келді. Кездесу барысында жазбаша түскен шағымдар бойынша қазіргі таңда оларды түбегейлі қарау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде»,-деп хабарлайды Ақтау қаласы прокуратурасыныңбаспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему