Мүгедектерге сыйлық!
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 23:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мүгедектерге сыйлық!

7 Октября 2015 (09:33) | 1388 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа кәсіп бастауға, енді бірі бастаған ісін жандандыруға мүмкіндік алды. «Даму» қоры бизнес жоспарларын жүзеге асыруға бел байлаған 3 мүгедек жанға аса қажетті құралдарды сыйға тартты.

 

 

Үшінші топтың мүгедегі, Қарақия ауданы Құрық ауылының тұрғыны Қонысбай Тілеуов велотренажерға қол жеткізді. Қазақша күрес бойынша спорт шеберіне кандидат бүгінде мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуде. Оған 6 жыл бұрын жергілікті билік тегін жаттығу залын берген болатын. Қазіргі таңда Құрық ауылының тұрғындары сол залда жаттығып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда.

 

Ал, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны бала кезінен үшінші топ мүгедегі Айбек Бердіғұлов ноутбук пен көп салалы принтерге қол жеткізді. Ол туған жерінде халыққа компьютерлік қызмет түрлерін ұсынуды көздеп отыр.

 

 

 

Екі баланы жалғыз өзі асырап отырған Мұнайлы ауданының тұрғыны Қарлыға Түркменбаеваның қуанышында тіпті шек жоқ. Тігін машинасына ие болған мүмкіндігі шектеулі жан енді шағын шеберханасын дамытпақшы. «Мен 3-4 жылдан бері үйде отырып, көрпе, жастық тігіп сатып келемін. Бүгінде халықтың таңдауы жоғары, сапалы болып шығуына мән береді. Менде тігін машинасы болғанымен, киімдерді көмкеріп тігетін жиектеуші машина болған жоқ. Сондықтан да киім-кешек тіге алмай жүргенмін. Енді міне бүгіннен бастап қыз жасауын, төсегін, ауылдастарыма көйлек тігіп беретін болдым. Кәсібімнің дамуына қолұшын берген жандарға мың алғыс»,-деді Қарлыға Түркменбаева.

 

Бұл жандардың барлығы республикалық «Жұлдызға қара» жобасының аймақтық жеңімпаздары. Аталған жобаның басты мақсаты – мүгедек жандардың еңбекке араласып, өз ісін дамытуына қолдау көрсету.

 

«Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасы байқау түрінде өтеді, ол екі кезеңнен тұрады. Осы жылы жобаның бірінші кезеңіне облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі жеті кәсіпкер қатысты, олардың үшеуі бастаушы және жеке бизнеспен айналысып жатқан кәсіпкерлер, төрешілердің шешімі бойынша жоба жеңімпаздары грантқа ие болды.

 

Екінші кезеңге өтініш қабылдау 2015 жылдың 1 қыркүйегінен 9 қазанына дейінгі аралықта жүргізілетін болады. Жобаға мүгедектік тобы берілген, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын немесе енді бастаған Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары қатысушы бола алады. Айта кетсек, 2015 жылы бизнес-идеясын жандандырам деген жеңімпаз кәсіпкерге берілетін грант көлемі 300 мың теңгеге дейін артты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему