Маңғыстаулық ұстаздар марапатқа ие болды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық ұстаздар марапатқа ие болды

6 Октября 2015 (12:19) | 4333 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

 

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

 

Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде жыл сайын мұғалімдер күні салтанатты түрде аталып өтеді. Биылғы жылы аталмыш мереке біздің өлкеде де ерекше тойланды.

 

Қоғам назарын білім беру саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге құлшындыру мақсатында аймақта 2015 жылдың 21 қыркүйек – 5 қазан аралығында «Ұстаздық – ұлы мамандық» атты тақырыпта кең көлемді акция ұйымдастырылды. Оның аясында аудандық, қалалық және облыстық деңгейде біраз шара өтті.

 

Кеше дүйсенбіде «Хан Шахар» салтанат сарайында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты тақырыпта мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш өтті.

 

 

Салтанатты жиынға аймақ басшысы Алик Серікұлы Айдарбаев, облыстық мәслихат хатшысы, салалық басқармалардың басшылары, ардагер-ұстаздар, өңірдегі білім ордаларының басшылары және қызметкерлері қатысты.

 

Мерекелік кеште барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтаған өңір басшысы мұғалімнің барша адамзатты тәрбиелеудегі аса маңызды роліне тоқталды. Салтанатты жиын барысында аймақтың ең үздік ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Маңғыстау облысы әкімінің арнайы марапаттарына ие болды.

 

Аймақ басшысы мұғалімдерге өз қолымен табыстаған жоғары марапаттардың ішіндегі ең шоқтығы биігі «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі болды, онымен марапатталған 5 үздік ұстаздың қатарында Жетібай өнер мектебінің ұстазы Орын Құлсариев, білім басқармасының қызметкері Мастаева Ольга Кубашевна, білімді үйлестіру орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы, Жаңаөзен орта мектебінің мұғалімі Сәрсенов Жәнібек Таджетұлы, Маңғыстау энергетикалық колледжінің оқытушысы Қияқова Зәуреш Қамидуллақызы бар.

 

Білімді үйлестіру орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы:

-Мұғалімге көрсетілетін құрметтің, еңбегінің жемісі үшін берілетін марапаттың ең жоғарғысы - «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі деп білемін. Мектептің бастауында тұрған Ыбырай атамыздың салған ұлағатты ұстаздықтың сара жолын жалғастыру әрбір мұғалім үшін үлкен абырой. Сондықтан осындай жоғары наградаға мені ұсынған басшыларға еңбегімді бағалағаны үшін зор алғысымды білдіремін.

 

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасына Жаңаөзен қаласының №15 орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Абдиров Сергей ие болса, өңірдің оннан аса озат мұғалімі облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

«Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы-2015» атағын жеңіп алған Ақтау қаласы №7 мектеп-лицейінің мұғалімі Гүлжамал Урынбаева облыс әкімінің тағайындаған 200 000 теңге грантын иеленді. Сонымен қатар, «Үздік білім беру ұйымы-2015» атағына Маңғыстау ауданы Оңды орта мектебі лайық деп танылды.

 

«Үздік педагог-2015» наградасымен: Ақтау қаласы №11 МФММ-нің ұстазы М.Асылбаева, Түпқараған ауданы «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі Н.Ходжа-Ахметова және Жаңаөзен қаласы Мұнай-газ колледжінің арнайы пән оқытушысы С.Жүкенова марапатталды.

 

Білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағының төрайымы Тәрбие Анайбекқызы Баймбетова облыс мұғалімдерін мерекемен құттықтап, ардагер-ұстаздарға сый ретінде құны 65 000 теңге тұратын сауықтыру шипажайына 10 жолдаманы табыстады.

 

 

Мерекелік кеште сонымен қатар ұстаздар қауымына арналып шағын концерт ұйымдастырылды, әсем әндер шырқалып, Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің өнерпаздары, «Жорға» би тобының орындауындағы ырғақты билер салтанатты жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 100 жұп жас ұстаздың орындауындағы мектеп вальсі де мерекенің сәнін келтірді. Салтанатты кешке арнайы шақырылған 250-дей ұстаздар қауымына арналып дастарқан жайылды.

 

                       Қиындықтың көргенменен қандайын,

                       Басқалардың қақтырып бір таңдайын.

                       Әр мереке ұстаздарға осылай

                       Шаттық алып келе берсін әрдайым!

                       Игіліктен теріп маржан-жақұтты,

                       Ізгілікке арнаған бар уақытты.

                       Қиындықтан қаймықпаған ешқашан,

                       Барлық ұстаз бола берсін бақытты! – деген ақ тілекті барша ұлағатты жандарға арнаймыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему