Сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 07:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді

5 Октября 2015 (15:46) | 1922 | Автор: Нурганым Имашева

 

Әрбір адамның ғұмыры табиғаттың төрт маусымындай ерекше 4 кезеңнен тұратыны белгілі. Бақытты балалық шағы мамықтай ақ қарға оранған қыс десек, жалындаған жастық шағы-жасыл желекке оранып, құлпыра жайнаған көктем кезіне сай келеді, жайнаған жаз мезгілі-бойындағы күш-қайраты тасыған орта жастағы шағы болса, ал қоңыр күз-кемелденіп, өмірден бай тәжірибе жинақтап, жастарға ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар сілтеп отыратын әдемі қартаю шағы, яғни қариялыққа қадам басу кезеңі.

 

Ақтауда күні кеше «ҚР Азаматтық Қорғаныс органдарының ардагерлер Кеңесі» ҚБ-нің Маңғыстау филиалының Төрағасы Сейтмолда Мұқановтың басшылығымен және Маңғыстау облыстық ТЖ Департаменті қызметкерлерінің қолдауымен 1 қазанда елімізде аталып өтілген қариялар күні мен жақында 20 жылдық мерейтойы тойланатын төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің құрылған күні мерекелеріне орай сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

 

 

Арнайы шақыртумен кездесуге келген сала ардагерлері бұрын ұзақ жылдар бойына қызметтес болған жора-жолдастарымен қауышқанына қуанысып, бір-бірінің хал-жағдайын сұрасып, мәре-сәре күй кешті. Жасы ұлғайған жандар үшін жылы қабақ пен ыстық ықыластың өзі жандарын жадыратып, үлкен қуаныш сыйлайды емес пе?!

 

«ҚР Азаматтық Қорғаныс органдарының ардагерлер Кеңесі» ҚБ-нің Маңғыстау филиалының Төрағасы Сейтмолда Мұқанов:

-Қариялар күнііне орай ТЖ саласының ардагерлерінің басын қосып, оларды мейрамдарымен құттықтау мақсатымен, арнайы дастархан жайып, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз. Облысымызда зейнеткерлермен қосқанда 350-дей сала ардагерлері бар, зейнет жасына жетсе де әлі күнге дейін қызмет атқарып жүрген азаматтар да бар. Жалпы қариялар, ардагерлер саны 100-ден асады. Бүгінгі шараға солардың ішінен жасы ұлғайған қарттарды шақырып, «Қариялар күнімен» құттықтауды мақсат тұттық.

Шараға ТЖ Департаментінің басшысы полковник Қ.Б.Базарбаев, ІІД-нің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Н.О.Жариев, ҚАЖ ардагерлер Кеңесінің төрағасы Д.Бегалиев және өзіміздің ТЖ саласында ұзақ жыл қызмет еткен, бүгінде өмірден өтіп кеткен ардагеріміз Ермағамбетов Сергейдің жары Ләйлә апайымыз бен кезінде ТЖ саласында жақсы қызмет атқарған ардагеріміздің жары Айжан апайымызды да шақырып отырмыз. Ағаларымыз өмірден кеткенмен олардың жары арамызда болсын деген ниетпен кезінде жолдастарына рух беріп, қолдау жасаған бұл апайларды да әрбір мерекелік кештерден қалдырмауға тырысамыз

Жалпы, Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің басшылары бізді үнемі қолдап, көмектесіп отырады. Ал ардагерлер бүгінгі қызмет атқарып жатқан жастар арасында тәрбиелік мәні зор кездесулерге қатысу арқылы, жемқорлықтан, нашақорлықтан сақтандыру бағытындағы шараларда жастарға қажетті ақыл-кеңестерімізді айтып, бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеуге, дұрыс тәлім-тәрбие беруге атсалысамыз,-деді.

 

 

ТЖ саласында көп жылдар бойына қызмет еткен ардагер Өтеулин Адайбек аға: «Зейнетке шыққанға дейін ПГМК аталған мекемеде 30 жылдай өртсөндіру қызметінде еңбек еттім. ТЖ саласының көптеген шараларына шақырып отырады үнемі. Қызмет еткен жылдарымда көптеген маманды дайындауға атсалыстым, солардың алды зейнетке шықса, арты қазірде осы салада қызмет етуде. Өзімнің үлкен ұлым да менің жолымды қуды, ол да қазір зейнетке шықты.

 

Саламыздың қызметіне ардагер ретінде жастарды тәрбиелеу бағытында өз үлесімізді әлі де қосып келеміз. Бізді әрбір шарадан қалдырмай, құрмет көрсетіп жатады, соған ризамыз. Мұндай басқосулар әсіресе біздей зейнеткерлер үшін өте маңызды»,-деп әріптестерімен қауышқанына көңілі толатынын білдірді.

 

Жалғасбаева Ләйла Тұрарқызы, жолдасы Ермағамбетов Сергей ұзақ жылдар Бозашы кенорнының өртсөндіру саласында қызмет еткені жайлы баяндай келіп, жұбайының қызметі еленіп, бірнеше Құрмет Грамоталарымен, алғашқы «Ер Қосай» медалімен, ардагерлік орденмен марапатталғаны жайлы әңгімеледі. Осыдан екі жыл бұрын өмірден озған жұбайының салаға сіңірген еңбегін елеп, жолдасының рухын сыйлап, жары ретінде өзіне үнемі құрмет көрсетіліп отырғаны үшін ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сәбит Мұқановтың, сала басшылығының сый-құрметіне ризашылығын білдірді.

 

 

-Біздер-ардагерлер үшін мынадай кездесулердің маңызы зор, себебі зейнет жасындағы үйде отырған қариялар үшін мұндай басқосулар олардың көңілін көтеріп, еңбектерінің ұмытылмағанын білдіреді.

Өзім ТЖ саласының ардагерімін. ХГМЗ кәсіпорынында өртті бақылау қызметінде аға инженер болып қызмет еткенмін кезінде. Қазір ардагерлер Кеңесінің Төрағасына көмектесемін. Сонымен қатар украин ЭМО-ның «Смеричко» ансамблінде ән салам, қоғамдық шараларға белсене араласам, әріптестерім-ардагерлердің мереке сайын көңілдерін көтеріп, сый-сыяпат жасап, құттықтауға тырысамыз. Мұның өзі олар үшін зор демеу болары сөзсіз,-дейді сала ардагері Кравченко Людмила Федоровна.

 

Мерекелік дастарханнан дәм татқан қарияларға ТЖ Департаментіне қарасты мекемелердің қызметкерлері әсем әуезді әндер шырқап, қонақтар көңілді би ырғағымен қалықтап, кештің көрігін қыздыра түсті. Дастарқан басында қызмет атқарған жылдарын еске алған ардагерлер мерекеге орай тілектерін айтып, ардагерлер Кеңесінің басшылығының атына өздеріне көрсетілген сый-құрмет үшін алғыстарын жаудырды. Кешке арнайы мейман ретінде шақырылған қонақтар-ІІД мен ҚАЖ саласының ардагерлері және «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның төрағасы С.С. Курдоглян қарияларды қызу құттықтады.

 

Отаны, халқының амандығы үшін атқарған адал қызметтерінің бүгінде зейнетін көріп отырған қариялар төл мерекесінде осылайша бір марқайып қалды. Қазыналы қарттарымыз аман болғай әрдайым!

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему