Сайын Шапағатов ауылына ауыз су жетті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сайын Шапағатов ауылына ауыз су жетті

2 Октября 2015 (16:50) | 3479 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін 20 шақырымды құрайтын «Ақтау-Ақшұқыр-Сайын Шапағатов» суқұбыры магистралі іске қосылды. Осылайша Сайын ауылының тұрғындары су тасу машақатынан құтылды. Халық осыған дейін тіршілік нәрін облыс орталығынан тасып ішетін. Игі жоба мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында іске асып отыр. Бұл мақсатқа республика бюджетінен 761 млн. Теңге жұмсалды. Салтанатты шараға облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

 

Ауылда сондай-ақ ауыз суды сақтайтын қазандық салынып, пайдалануға берілді. Ақтаудағы Маңғыстау атом энергия комбинаты мен Каспий су тұщыту зауытында тұщытылған ауыз су жаңа іске қосылған құбыр арқылы Сайын ауылына жеткізіліп, әлгі қазандыққа құйылады. Әзірге ауыл халқына ауыз су осы қазандықтан су көліктері арқылы жеткізілмек. Ал, жыл соңына дейін ауылішілік су құбыры тартылып, жаңа жылдан бастап үйді-үйге су кіргізілмек.

 

Биыл өңірде мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 5 млд теңгенің 11 жобасы іске асырылып жатыр.

 

Сапар Аманбеков, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

 -Облыс бойынша биыл 11 жоба іске асырылып жатыр. Соның 5-6 жобасы Бейнеу ауданында. Қазір біз Бейнеу орталығы Бейнеу селосын толықтай орталықтандырылған сумен қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Бірақ, ол ендігі жылы өтпелі кезеңмен 2016 жылы толықтай бітеді. Сонымен қатар, Мұнайлы ауданында орналасқан Дәулет елді мекені бар. Қазір осы тапсырылу үстінде. Ол да орталықтандырылған су құбырларынан су ішеді.

 

Сала басшысының айтуынша, жыл соңына дейін Маңғыстау облысындағы елді-мекендердің 50 пайызы орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіледі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Сисада Симасада, 2 Октября 2015 (18:41)
1 1
Это хорошо. Теперь центральное водоснабжение доделайте.....и проложите асфальт. И вообще присоедините к городу акшукур и Тельман
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему