Киелі өлкенің тарихына үңілу
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Киелі өлкенің тарихына үңілу

30 Сентября 2015 (16:17) | 3177 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Маңғыстау облысының туризм басқармасы түркі мәдениетінің тұғыры-Халықаралық «Тюрксой» ұйымының қолдауымен «TREE of LIFE» курорттық кешенінде «Тарихи оқиғалар мен аңыздардың Маңғыстаудың туристік нысандарының топонимикасына тигізген әсері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Келелі жиын Дүниежүзілік туризм күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылды. Конференцияның мақсаты-«Маңғыстау-360, 362? 365! аңыз өлкесі» туристтік брендін насихаттау.

 

Елшілік миссиясының өкілдері, Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулы, Атырау МУ-нің құрметті профессоры Рашад Маммадов, Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Руслан Арсанукаев, Ақтау қаласындағы Түркия және Иран Ислам Республикасының Бас консулдықтарының өкілдері шараға белсенді атсалысты. Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулы Рашад Маммадов конференцияға қатысушыларға арнаған өзінің сый-сыяпатымен келді. Құрметті мейман жиынға қатысушыларға авторы Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Наталья Задерецкая болып табылатын әзірбайжан және қазақ халықтарының достығы туралы кітаптарды сыйлады. Кітап авторы аталмыш конференцияның ұйымдастырушысы және модераторы болды.

 

ТУРИЗМ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ БАУЛУ

Жиында сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов: «Тамаша табиғат ресурстары мен тарихи-сәулет және мәдени ескерткіштері Маңғыстаудың туристік әлеуетін қамтамасыз етеді. Туризмнің дамуының заманауи тенденциялары оның әлем экомоникасымен қатар жеке елдер мен аймақтар экономикасының дамуына ықпал етуші күш ретінде ролі өсіп отырғанының куәсі.

Туризм-азаматтық қоғамның адамгершілік негізін қалыптастыру және білім деңгейін көтерудің күшті қаруы, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен жұмыссыздық мәселесін шешудің құралы болып табылады».-дей келе тарихи-мәдени мұраның маңызды ролін насихаттаау ниетімен бас қосқан жергілікті ғалымдар мен өлке меймандарына алғысын білдірді.

 

 

Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова:

-Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту жылында туристтік брендтің түрлі халықтардың тарихы мен мәдениетінің ортақтығының өзекті сегменті болып табылады. Туристтік брендтерді Маңғыстау брендінің призмасы арқылы қарастыру тарихи-мәдени туризмнің дамуына серпін беріп, халықаралық туризмнің және мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюына ықпал етеді,-деп атап өтті.

 

КИЕЛІ САНДАР-МАҢҒЫСТАУ ЖЕРІНІҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАСЫ

Көнетүркілік дәстүрдің білгірі, «Бекет Атаның сопылық жолы» кітабының авторы және «Қазақстанның жеті кереметі» туындысының да авторының бірі, қажы Базарбай Әбдірахманов, «Маңғыстауда 360 әулие жерленгені баршаға мәлім. Түркістан, Көне Үргеніш, Хиуа, Самарқанд, Түркиядағы Кунияны, Араб еліндегі Мекке мен Мединені аралағанда бұл қалаларды да 360 әулиенің мекендері болған дегенді естіп таң қалдым.

 

 Тарихи құжаттарға сай, исламға дейінгі кезеңде Меккеде 360 табынушы болған (майя халқының көне Золькина күнтізбесімен жылдың күн саны бойынша). Мұхаммед Пайғамбардың мұсылмандықты таратуынан кейін әлемдік қауымдастықтың табыну символдары Меккеден шығарылды. Алайда адамдар мұсылмандық және өзге де діндерді таратумен қатар ата-баба салтын сақтауды жалғастыруда. Пұтқа табынушылық сенімінің қалдығы көптеген елдердің салт-дәстүрінде сақталып қалды. Олар әсіресе, жағрапиялық және геосаяси жағдайларға байланысты Батыс Қазақстан аумағында, әсіресе Маңғыстауда анық байқалады. Жыл санау дәстүрінің өзгеруіне байланысты әлемдегі киелі орындар санына түзетулер енгізілген. Мұсылмандық жыл санау дәстүріне сай, маңғыстаулық брендке де түзетулер енгзіліп, көбіне 362 саны қолданылып жүр»,-деген пікірді білдірді.

 

Маңғыстаулық өлектанушы, көне символдарды зерттеуші, «Адай халқының жазба мұрасы», «Валеология және экология» кітаптарының авторы, Мұрат Ақмырзаев, тақырыпты талқылауды жалғастыра түсіп, 360 санына қатысты бірнеше тарихи тақырыптағы еңбектерге тоқталды. Сөзінің соңында өлкетанушы дүлдүл ақын Қашаған жыраудың көптеген айтыстары «360 әулие мені қолдаңдар!» деген сөздермен басталып немесе аяқталатынын тілге тиек етті.

 

Маңғыстау туризм колледжінің 4 курс студенті Зарубина Анастасия, (ұстазы Базарова Гүлнұр), жиындағы талқылау кезінде Эгей теңізіндегі гректің Скопелос аталатын шағын аралында 360 шіркеу мен ғибадатхана барын, Грузия елінің киелі орны Вардзияда үңгірдегі қамал-XII ғасырлық шіркеудің сақталғанын, ондағы ойылып жасалған жайлардың саны да 360-ты (365) құрайтынына тоқталып өтті.

 

Тарихшы, Маңғыстау туризм колледжінің қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің оқытушысы Уралбаева Райхан Мендиханқызы, 1873 ж. Тифлисте жарық көрген «Кавказдық тау халықтары туралы мәліметтер жинағының» IV тарауында «Адайлардың әулиелелер туралы аңыз-әпсананасына сай, Ходжа Ахмед Яссауидің 3363 мүриді болған, өзге аңыздар бойынша-14000. Ол қайтыс болған соң мүридтер жан-жаққа тараған, олардың 363-і Маңғыстауға табан тіреген, осында қайтыс болған. Олардың есімдері толық белгісіз болғанмен, жерленген жерлері киелі орын болып есептеліп, барлығы да әулие саналады. Аңыздардың біріне сай, 363-тің–үшеуі, екінші біріне сай-біреуі Маңғыстау даласына жете алмаған, сондықтан Маңғыстаудың көнекөздері 362 әулие болған деген пікірді ұстанған,-деген қызықты ақпаратпен бөлісті.

 

Конференция жұмысына алыстан қатысқан мәскеулік емші Наталья Маслованың пікірінше, «362» саны жергілікті ділдің кейінгі рухани кемелдену кезеңіне сәйкес келеді» делінсе, белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Мұрат Әуезов: «Маңғыстауда 360, 362, 363 немесе 365 әулие болды ма деген сауал төңірегінде дауласудың қажеті қаншпа? Олардың саны көп болғаны туралы тұжырым ең дұрысы»-дейді.

 

Маңғыстаулық танымал араб тілінің маманы, Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени қорығының директоры Нұрлан Кұлбаев, археологиялық қазбалаларға сай, жыл сайын түрлі тарихи жәдігерлер пайда болып, жаңа тарихи ескерткіштердің саны арта түсуде екенін айтып, жергілікті халықтың діліне сай, кез-келген маңғыстаулық өз ата-бабасы жерленген кез-келген жер-киелі деген ұғымды ұстанатына тоқталды. Соған қарағанда жаңадан ашылған 13 000 тарихи-мәдени ескерткіштердің арасында киелі орындардың да аз болмағаны деген ой келеді. Бір айта кетерлігі Нұрлан Құлбаев «Экспедиция+362» аталған тарихи-мәдени, танымдық сапардың белсенді мүшесі.

 

Әлем түркімендері гуманитарлық Ассоциациясының мүшесі, түрікмен ЭМО-ның төрағасы Гельдымурат Ходжаев, Түрікменстанның Дашауз уәлаятында «360 әулие» аталатын қорымның бары туралы әңгімеледі. Маңғыстау тарихына қатысты түрікмен халқының қалдырған ізі терең екені бесенеден белгілі. Мысал ретінде Гельдымурат Ходжаев «Песчаный» аталатын мүйісті атады, бұл жерді жергілікті ақсақалдар әлі күнге дейін 360 әулиенің бірі болған Бектурды Ишанның құрметіне Ишан түбек деп атайды.

 

Гельдымураттың айтуынша, Өзен тас жолының 36 шақырымында жақында түрікмен халқының даңқты ұлдарының бірі- Назар-ходжаның бейіті табылған. Хатам Шахирдің нағашысы болып келетін ол, әкесі жағынан Бекет атаның бабасы болған деген ақпаратпен бөлісті.

 

Өлкеге туристердің келуін ұйымдастыру туралы пікірді жақтаушы ретінде ол Қараман Атаның Қытайда тұратын 110 000-ға жуық ұрпақтары бабалары жерленген киелі орынды бір көруді аңсайтынын айтып, жуық арада өңірге келетін туристтердің саны артатынына сенім білдірді.

 

Конференцияда өлке тарихына қатысты талқыланған қызықты тақырыптар туралы әңгімемізді газетіміздің келесі санында жалғастыратын боламыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему