Ақтаулық самбошылар Әлем чемпионатына дайындалуда
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық самбошылар Әлем чемпионатына дайындалуда

27 Сентября 2015 (13:50) | 1165 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінде Ақтау қаласындағы «Жастар» спорт мектебінің самбошылары Бауыржан Сағынғалиұлы мен Рамазан Мамаев қызу дайындық үстінде. Олар қазан айының алғашқы аптасында Ригада өтетін Әлем чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады. Маңғыстаудың атынан талай дүбірлі додаларға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрген палуандарды халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі бапкер Сергей Волобуев жаттықтыруда.

 

Әлемдік жарысқа аймақ атынан қатысатын палуан Бауыржан Сағынғалиұлы өткен жылы Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өткен самбодан Азия чемпионатында топ жарып, чемпион атанған болатын. Сонымен қатар, ол жыл басында Петропавлда өткен жарыста алтыннан алқа таққан еді. Ал, 57 келі салмақта күресетін Рамазан Мамаев сәуір айында самбодан жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарып, алтынды иеленген спортшы.

 

-20 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Талдықорған қаласында жарыс алдындағы соңғы дайындықты пысықтаймыз. Самбодан Әлем чемпионаты Ригада қазан айының 8-12 аралағында өтеді деп жоспарланған. Жалпы жарысқа Маңғыстау облысынан 3 спортшы қатысады. Олар: «Жастар» спорт мектебінен Бауыржан Сағынғалиұлы мен Рамазан Мамаев және «Қарагөз» спорт мектебінің шәкірті Мейрамбек Жаңабай. Спортшылардың дайындықтары жақсы. Осы уақытқа дейін спортшыларымыз Бакуде, Грузияда өткен оқу-жаттығу жиындарына қатысып, біраз тәжірибе жинақтады. Әлемдік жарыстан топ жарып, елге жеңіспен ораламыз деген сенімдемін,-дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі жаттықтырушы Сергей Волобуев.

 

Жалпы осы уақытқа дейін белгілі бапкер Сергей Волобуев Жамбыл, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс жасап, бірнеше чемпиондарды дайындаған. Аға бапкер 2006-2008 жылдары дзюдо күресі бойынша әйелдерден құралған ҚР құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ, самбодан ҚР чемпионы Жанат Сейсенбековты, дзюдодан Азия және ҚР чемпионы Ержан Шынеевты, 2013 жылғы Әлем чемпионы Айбек Хрыкбайды, дзюдодан Азияның қола жүлдегері Темірлан Көлбайды арнайы дайындаған да белгілі жаттықтырушы Сергей Волобуев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему