Қазақ астығы тиелген жүк кемесі Иранға жол тартты
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақ астығы тиелген жүк кемесі Иранға жол тартты

25 Сентября 2015 (17:11) | 1589 | Автор: Мира Ботабекова

 

Биыл орылған қазақ астығы Ақтау теңіз порты арқылы экспортқа шығарыла бастады. Бүгін 4,5 мың тонна бидай тиелген жүк кемесі Иранға жол тартты. Мамандар қазақ астығына биыл да сұраныстың жоғары екенін айтады. Өнімді шетел су көліктерімен қатар отандық «Бекет ата» және «Түркістан» құрғақ жүк кемелері тасымалдайтын болады.

 

Ақтау халықаралық теңіз сауда портында жұмыс қыза түскен. «Ақ бидай терминалының қызметкерлері тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істеуге көшкен. Жұмысшылардың біразы Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келіп жеткен егінді қабылдап алып жатыр. Енді бір тобы оны жүк кемелеріне тиеу үстінде. Өткен аптада биылғы орылған астықтың алғашқы легі шетелге жөнелтілген болатын. Бүгін қазақ өнімі тиелген тағы бір кеме Иранға жол тартты. Порт аумағында кезегін күтіп тағы үш жүк кемесі тұр.

 

Соңғы 20 күн ішінде теңіз портындағы бидай терминалына еліміздің астықты өңірлерінен 60 тонна өнім келіп түскен. Теңіз портының қызметкерлері оларды кестеге сәйкес жөнелтіп, шетелдегі тұтынушыларға дер кезінде жетуін жіті қадағалап отыр. Мамандар қашанда сапасы жағынан сүрінбейтін қазақ астығына биыл да сұранысты мол екенін айтады.

 

РАФАИЛЬ ГАЛЯМОВ, «АҚ БИДАЙ» БИДАЙ ТЕРМИНАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: -Жазда біраз тұрып қалған терминал жұмысы қайта жанданды. Жаңа жылға дейін осы қарқынмен жұмыс істейтін боламыз. Жыл соңына дейін тұтынушылармен келісім-шарт жасалып қойған. Бұйырса, биыл межелеген жоспарды сәтті орындап, жылды жақсы нәтижемен қорытындылаймыз, деп отырмыз. Біздің терминалдың қуаты жылына 600 мың тонна астықты қабылдап, тиеуге қауқарлы.

 

 

Қазақстан биыл экспортқа 7 млн тонна астық шығаруды жоспарлап отыр. Оның біраз бөлігі Каспий теңізі арқылы сыртқа тасымалданбақ. Айта кету керек, Ақтау теңіз порты Каспийдегі ең ірі порттардың қатарында. Оған айдындағы жүк айналымның 30 пайызы тиесілі.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың айтуынша, биыл елімізде астық 17,5 млн тонна көлемінде жиналады деп болжанып отыр. Тиісінше экспорттық әлеуетіміз 7 млн тонна шамасында болады. Бұл көпжылғы орташа деңгейден сәл көбірек. Қандай да бір жаңа экспорт бағыттарын ашуды көздеп отырған жоқпыз. Астықты дәстүрлі негізгі нарықтарымызға жөнелтетін боламыз», -деді А.Мамытбеков.

 

«Бүгінде Париж биржасында бидайдың үшінші сұрпы 165 доллар шамасында, ал Чикаго биржасында 170 доллар шамасында тұрады. Егер долларды 250-260 теңге бағамымен қайта есептесек, Қазақстанда астық құны әлемдік бағаға сәйкес келеді»,-деп толықтырды министр.

 

Айта кетейік, бүгінгі күні дәнді дақыл алқаптарының 62 пайызы жиналған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему