Жастар жемқорлыққа қарсы
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 23:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар жемқорлыққа қарсы

25 Сентября 2015 (10:02) | 2624 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті және «НұрОтан» партиясының филиалымен бірлескен «Жемқорлықсыз болашақ!» Жастар Форумын өткізді.

 

Форумның мақсаты-жастар арасында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінің арттыруына ықпал ету.

 

Форум жұмысына қоғамдық саяси партия өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, білім саласының жас мамандары, студенттер мен жастар, жастар Кеңесі мүшелері қатысты.

 

Форумның сұқбат алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттің, қоғамдық саяси партиялардың, Азаматтық қоғамның, жастардың атсалысу мәселесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы талқыланды.

 

Шарада сөз алған жас маман, Ақтау қаласы №17 орта мектептің физика пәні мұғалімі Ұлжан Абылайханқызы:

-Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Осыдан бірнеше ай бұрын мен ЖОО орнының түлегі атандым. Мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Жастардың санасында қалып кеткен жалғыз түсінік, сыйсыз, парасыз жұмысқа орналасу мүмкін емес. Әрине алғанды кім ұнатпайды??? Алайда біз бүгін пара берсек демек ертеңгі барлық өміріміз пара берумен өтеді. Сондықтан осы жағдайдың алдын алу үшін сен өзгеден емес өзіңнен баста!,-деп жастарға ой тастады.

 

 

 

«Жемқорлық-жастардың көзімен» тақырыбындағы плакаттар көрмесінде сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздігін бейнелеген Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлы, Бейнеу аудандарының 26 студенті мен оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылды.

 

Байқау жеңімпаздары болып танылғандар:

1 орын-Өсербаева Айгерім – Бейнеу ауданы, Сам орта мектебі оқушысы

2 орын-Утешбаева Гүлжайна – Мұнайлы ауданы, Атамекен, 7 орта мектеп оқушысы

3 орын-Абилова Гулназ – Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы, Өнер мектебі мұғалімі

3 орын-Амангелді Мақсат, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау энергетикалық колледжі студенті

Жеңімпаздар марапатталды, олардың жұмыстары республикалық байқауға жіберіледі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему