«Отбасы күніне» арналды
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 03:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Отбасы күніне» арналды

17 Сентября 2015 (09:31) | 8215 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып табылады.

 

«Осыған байланысты, Маңғыстау облысы ІІД-де 9-11 қыркүйек аралығында облыс көлемінде "Отбасы күніне" ұштастырылған «Отбасындағы бейбітшілік» ұранымен дәрістік жоба түрінде профилактикалық іс-шаралары өткізілді»,-деп хабарлады біздің басылымға ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

 

ІІД Әкімшілік Полиция Басқармасының Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресу тобының аға инспекторы Смағұлова Шұға:

-Акцияның мақсаты-дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және қоғамның адамгершілік қағидаларын жаңарту, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.

Ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешу және өткізілетін іс-шараның жоғары деңгейде жүргізілуі мақсатында, іс-шаралар жоспары бекітілді. Акцияға қажетті үлестіретін 2200 дана материалдар (буклеттер, жадынамалар, плакаттар және т.б.) дайындалды.

 

 

Аталған шараға барлығы 370 адам жұмылдырылып, оның ішінде ІІО-ның 209 қызметкері, 14 жергілікті атқару органдарының өкілдері, 8-әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат комиссияларының, 109 білім беру ұйымдарының, 7-денсаулық сақтау органдарының, 7 еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары, 9-бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ, 7 үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. (Маңғыстау облысы және аудандардағы "Азаматтық альянс", «Мейірім» қоғамдық ұйымы, «РАЙ» әлеуметтік шұғыл көмек көрсету орталығы, Мұнайлы аудандық азаматтық бастама, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі,"Ажар-ай")

 

Іс-шара барысында 116 қоғамдық іс-шаралар мен сөз сөйлеулер ұйымдастырылды, барлық жалпы білім беретін мектептерде-71, жоғары және орта арнайы білім беру ұйымдарында-23, мекемелерде,кәсіпорындар мен жеке кәсіптік ұйымдарда-14.

 

 Атап айтсақ, Маңғыстау-5 селосындағы №8 және Жаңа-дәулет селосының № 4 мектебінде мұғалімдер мен ата-аналар, тұрғындар арасында «Бақытты шаңырақ-бақытты ел» тақырыбында кездесу өткізілді.

 

Кездесу кезінде әр түрлі мәселелерге тоқталып яғни, отбасында ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келіспеушілік салдарының орын алуы, оның арты қандайда бір қылмысқа немесе құқықбұзушылыққа әкеп соғатындығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

 

Сондай-ақ Ақтау қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында Ақтау қалалық ІІБ және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықта жасөспірімдердің арасында отбасының құндылықтары туралы және Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізілді.

 

Түпқараған ауданында А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінде «Отбасы-бақыт мекені» апталығы өткізіліп, 7-8 сыныптар арасында, бастауыш 1-4 және 5-8 сыныптар арасында «Моя семья», «Жанұя-кішігірім мемлекет» тақырыптарында мектеп инспекторларымен бірлесіп сынып сағаттары ұйымдастырылса, 9-11 сыныптар арасында «Отбасы-өмірдің мәні», «Әрбір отбасы мемлекет қорғауында» тақырыбында пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.                    

 

Облыстағы бастауыш мектептер арасында «Менін отбасым» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, балалар арасында жүлделі орындар тағайындалды.

 

«Отбасын ерте кұру дұрыс па?» атты тақырыбында 9-11 сыныптардың қатысуымен конференция өткізілді.

 

 

ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашеваның хабарлауынша: «Қарақия ауданында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбына аудан орталығында тұрғындар мен ата-аналар арасында үлкен іс-шаралар өткізілді. «Ажар-ай» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып тұрғындар арасында сөз сөйлеулер ұйымдастырылып, оларға негізгі тікелей құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы Заңы,отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) жөнінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері түсіндірілді.

 

Жоғары және арнайы орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ерте, азаматтық және діни бағыттағы заманауи некелердің проблемалық факторлары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

 

«Бақытты ел-бақытты шаңырақ» тақырыбында дайындалған плакаттар және үлестірме материалдар қоғамдық орындар мен көшелерге ілініп, тұрғындарға таратылды»,-деген ІІД Баспасөз қызметінің өкілі:

-Алдағы уақытта «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу» және «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында алдын алу іс-шаралары өз жалғасын таппақ,-дейді.

 

"Отбасы күніне" орайластырылған шаралардың бірқатары Ақтау қалалық ішкі істер басқармасында да ұйымдастырылды. Солардың бірі-Басқарманың жеке құрамының бастамасымен өткізілген, аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы.

 

Ақтау қаласы ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.Гайсина:

-Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу отбасы институтын, имандылықты, руханилықты нығайтуға, жауапкершілікті ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тануға ықпал етуге негізделген.

 

Барлық мерекелік іс-шаралардың идеологиялық мазмұны өскелең ұрпақты рухани-имандылыққа тәрбиелеуге және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталу мақсатында, Ақтау қаласы ІІБ-ның атынан, денсаулық мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін және жағдайы төмен мүжәлсіз отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді,-деп мәлімдеді.

 

Қалалық ІІБ жеке құрамының бастамасымен Ақтау қаласының 4-ші шағынауданында тұратын көп балалы Б.Шмановтар отбасына (отағасы және кіші ұлы мүгедек) және Мұнайлы ауданы Басқұдық селосының тұрғыны көпбалалы К.Казиеваның (жалғыз басты ана) отбасына азық-түлікпен, киім-кешекпен, оқу-құралдары және тұрмысқа қажетті заттармен көмек көрсетілді.

 

«Сонымен қатар, Ақтау қаласында мектепке дейінгі мекемелер арасында өткен «Отбасылар фестиваліне» қатысып, 1-орынды иеленген, Ақтау қаласы ІІБ тылдық қамтамасыз ету бөлімінің жүргізуші-полицейі полиция аға сержанты Н.Бухарбаевтың отбасы және тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Ә.Әлмұратовтың жанұясы 3-орынды иеленді»,-деп хабарладыІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему