Табиғи газға қарызы барлар жылудан ажыратылды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 21:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Табиғи газға қарызы барлар жылудан ажыратылды

14 Сентября 2015 (09:35) | 2155 | Автор: Мира Ботабекова

 

Енді бір айдан соң аймақта жылу беру маусымы басталады. Қыстың қамын ойлаған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының қызметкерлері көгілдір отынға қарызы бар борышкерлермен күресті бастады. Маңғыстау облысы тұрғындарының табиғи газға берешегі 127 миллион теңгеге жеткен. Оның 81 млн. теңгесі Жаңаөзен қаласы тұрғындарының қарызы. Бір қызығы, қара тізімге ілінгендердің басым бөлігі бақуатты отбасылар. Олар жылдап жиналған қарыздарын өтеуге асығар емес. Бірнеше рет жасалған ескертуден кейін газбен қамту мекемесінің қызметкерлері қарызға белшеден батқандарды жылудан ажыратуға көшті. Арнайы рейд Жаңаөзен қаласынан басталды.

 

Борышкерлер тізімін алған газбен қамту мекемесінің қызметкерлері тексеруді табиғи газ ақысын 2 жыл бойы төлемеген үй иесінен бастады. Ол үйдің қарызы – 147 мың теңгеден асыпты. Газбен қамту мекемесі тарапынан бір емес, бірнеше мәрте ескерту де берілген. Алайда нәтиже жоқ. Мамандар бұл үйді жылудан ажыратып, газ құбырын бекітіп тастады.

 

Жалпы, Маңғыстау облысы бойынша тауарлық газға борышы бар тұтынушылардың саны 56558, жалпы қарызы 127 257 488 теңгені құрайды. Соның ішінде Жаңаөзен қаласы бойынша борышы бар тұтынушылардың саны 15 570, олардың жалпы қарызы 81 652 188 теңге.

 

Бір қызығы, борышкерлердің басым бөлігі қалталы азаматтар, жеке бизнесі бар, енді бірі мұнай саласында еңбек етеді. Ал, зейнеткер, көп балалы отбасылар мен бюджет саласының қызметкерлері тұтынған отынның қарызын уақытылы төлейді екен. 76 жастағы Ибаш Бекниязованың 7 баласы бар. Қария қарызды төлеудің парыз екенін айтады.

 

Ибаш Бекниязова, зейнеткер:

-Мен зейнеткермін. 55 мың теңге зейнетақы аламын. Зейнетақымды ала салып, газ, су, жарықтың ақысын төлеймін. Қарыз болғанды жақтырмаймын. Көп ақша боп жиналып қалады төлемегесін. Сол үшін төлеп тұрамыз ай-сайын.

 

Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының 17 бабы 9 тармағына сай, шартқа сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық газ үшін борыштың болуы, газбен жабдықтаушыға, бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық газ беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұру құқығын береді.

 

 

Рейд барысында қарызы 100 мыңнан асқан тұрғындардың көбісі заңсыз әрекетке барғандығы анықталды. Бірі, шаңсорғыштың түтігімен, енді бірі велоспиед дөңгелегінің резеңкесімен орталық газ құбырына қосылып алған. Дұрыс жалғанбаған жерден газ шығып, ауаға тарап жатты. Мамандар дер кезінде келген екен, апаттың алдын алды. «Міне, тесілген жерден газ шығып жатыр. Бұл жерге біреу темекі тұқылын тастай салса, жарылыс болуы мүмкін. Ал оның соңы қайғылы жағдайларға әкеп тірейді. Сондықтан да өз бетінше газ құбырын жалғауға мүлдем тыйым салынады»,-дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының қызметкерлері.

 

Міне, осындай заңсыз әрекеттердің салдарынан жыл басынан бері облыста 2 үйде жарылыс болып, үш адам зардап шеккен.

 

Қарлығаш Ғұбайдуллина, «ҚазТрансГазАймақ» өндірістік филиалының өкілі:

-Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылайтын комиссия құрылды. Қазтрансгаз аймақ мекемесі жоғарыда аталған талаптарды бұзған тұтынушыларды анықтап, оларға тиісті шара қолдану үшін тізімдерін қала, аудан әкімдеріне жіберіп отыр.

 

Енді бір айдан соң аймақта жылу беру маусымы басталады. Газбен қамту мекемесінің қызметкерлері көгілдір отынға берешегі бар тұрғындарға сол уақытқа дейін қарыздары өтеуді ескертеді. Әйтпесе, борышкерлер сақылдаған сары аязда жылусыз қалуы мүмкін. Жаңаөзенде басталған рейд облыстың барлық аудандары мен қалаларында жалғасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему