Ақтаулық спортшылар Орынборда өткен бокстан ашық турнирде 6 медальды жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық спортшылар Орынборда өткен бокстан ашық турнирде 6 медальды жеңіп алды

8 Сентября 2015 (15:43) | 1369 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау бокс мектебінің тәрбиеленушілері Орынбор қаласында өткен ІХ ашық біріншілікте 6 медальға ие болды, оның бірі-алтын жүлде.

 

Орынбор қаласында 2 қыркүйекте «Боевое Братство» аталатын ардагерлердің Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының жүлдесіне арналған бокстан ашық турнир ұйымдастырылды. Боксшылар үш күнге созылған тартыста жеңіске жетуге тырысты.

 

Дүбірлі додаға Ресей мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Жарыста Маңғыстаудың намысын 12 былғары қолғап шебері қорғауда.

 

Зауралье ашық біріншілігінің медальдары үшін 2001-2002 және 1997-1998 жылдары туылған спортшылар таласты.

 

37 килограмм салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен боксшы Абылай Калимов алтын медальдың иесі атанды.

 

Рамазан Қонай, Нуратдин Райымбеков, Нұрдаулет Бақытжан, Бексұлтан Аланиязов, Азамат Амангелдиевтер қола жүлдені иеленді.

 

Жарысқа маңғыстаулық құраманы бокс бапкері Жарас Калимов бастап барды.

 

-Бүгінгі ойындар-іріктеу турнирі болып табылады. Жаттықтыршылардың басты міндеті-боксшылардың бабында екенін анықтау, Неге дайын болу керектігін ойластырып, байқалған олқылықтарды анықтай отырып, жаңа маусымға дайындықты бастап кету.

Бұл турнирдің ойындары тартымды өтті. Біз оларға жаз бойы дайындалдық. мақсатымыз-сапалы бокс ойындарын көрсету және бапкерлердің дайындық барысында текке тер төкпегенін дәлелдеу,-дейді Жарас Калимов.

Маңғыстау облыстық бокс федерациясы үшін тағы бір жағымды жаңалық-4 қыркүйекте Санкт-Петербургте жасөспірімдер арасындағы бокстан Әлем Чемпионаты басталды. Оған жаһанның 46 елінен 407 былғары қолғап шебері қатысуда. Біздің елімізден 13 спортшы қатысып жатқан болса, солардың бірі-ақтаулық боксшыБерік Жидебаев. .

Бесінші қыркүйекте Берік рингте Америка боксшысымен жұдырықтасады. Ол 57 килограмм салмақта ойын көрсетеді.

Жарыстар 13 салмақ дәрежесінде өтуде: 46 кг, 48 кг-ға дейін, 50 кг, 52 кгдейін, 54 кг, 57 кг дейін, 60 кг, 63 кг дейін, 66 кг, 70 кг дейін 75 кг, 80 кг дейін және 80 кг-нан жоғары салмақта.

 

Финал 12 қыркүйекте болады деп күтілуде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему