Елімізде 30 мектеп жаңа білім беру жүйесіне көшті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 10:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Елімізде 30 мектеп жаңа білім беру жүйесіне көшті

1 Сентября 2015 (16:25) | 1871 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгіннен бастап еліміздегі таңдаулы 30 мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшті. Жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алатындардың қатарында Түпқараған ауданындағы М.Горкий атындағы орта мектеп пен Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебі де бар. №11 мектепте білім күніне орай өткен салтанатты жиынға Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов қатысып, білім қуған жастарға табыс тіледі.

 

 

Биыл №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің табалдырығын 125 бала аттады. 1-сыныпқа қабылданған балғындар енді әлемдік талапқа сай оқытылатын болады. Ол үшін мектепте қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Кабинеттер жаңартылып, арнайы құрал-жабдықтармен және оқулықтармен қамтылды. Ардагер ұстаз Хансұлу Қидашева немересінің қуанышымен бөлісу үшін көрші Атырау облысынан келіпті. Кішкентай Әлихан 1-ші сыныпқа қабылданды. 35 жылдық тәжірибесі бар ардагер ұстаз жаңа бағдарламадан зор үміт күтеді.

 

Хансұлу Қидашева, ардагер ұстаз:

-Жас балалардың аттаған қадамдары құтты болсын. Биылғы оқу жылында 1-сыныпты бастап жатқан оқушылар жаңа бағдарлама бойынша, 12 жылдық оқу жүйесі бойынша білім алады. Өте қуаныштымын. Бұл үшін барлық жағдай жасалған екен. Қазір білімдінің заманы. Сондықтан елімізде жасалып жатқан игі істерді тиімді пайдаланғанымыз жөн. Балаларымыз жақсы білім алып, тәрбиелі, саналы азамат болып, еліміздің болашағын, мемлекетіміздің тұтқасын ұстай берсін. Болашақтары зор болсын, деймін.

 

 

Жаңа стандарттарға сәйкес, оқушылар 5 күндік оқу кестесіне өтпек. Бұл орайда әр сабақтың ұзақтығы 35 минут деп белгіленіп отыр. Жаңа бағдарлама бойынша білім беретін мұғалімдер мен мектеп басшылары болса бір жыл бойы дайындықтан өтті. Жаз бойы Астанада біліктіліктерін шыңдап, жаңа жүйенің қыр-сырын меңгеріп шықты.

 

 Су жаңа оқу бағдарламасы дүниежүзінің дамыған елдеріндегі білім беру жүйелері негізінде жасалған. «Ол оқушының жастайынан ізденімпаз, ортаға тез бейімделе алатын тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді»,- дейді ұстаздар.

 

Гүлмира Өтегенова, №11 мамандандырылған физика-математика мектебі директорының бастауыш сынып бойынша орынбасары:

-Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты - бала білімді тек қана жаттанды түрде алып қана қоймай, оны өмірдің басқа саласында пайдалана алатындай және сол алған білімі бойынша тәжірибе жасай алатындай зерттеушілік жұмыстарына үйрету. Қазіргі жаһандану дәуірінде білім деңгейі бір орында тұрған жоқ қой, заман талабына сай дамып жатыр. Сол даму сәтінде біздің балаларымыз кейінге қалмасын, әлемнің балаларымен, іргелі елдердің, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарында білімді болу маңызды шарт болып тұрғандықтан білім саласын өзгерту бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің ең негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан бұл жаңашылдықтан ұтатынымыз көп.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен пилотты жоба жемісін берсе, келесі жылдан бастап, еліміздегі барлық мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему