Ақтауда Қазақстан бокс федерациясы Кубогының ширек финалдық жекпе-жегі өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Қазақстан бокс федерациясы Кубогының ширек финалдық жекпе-жегі өтті

1 Сентября 2015 (16:20) | 1861 | Автор: Нурганым Имашева

 

 «Облыс орталығында Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) жыл сайын өткізілетін дәстүрлі турнирінің ширек финалдық жарыстары аяқталды.

 

Үш күнге созылған боксшылардың сайысында Маңғыстау, Қызылорда және Алматы қалаларының құрамалары өзара кездесті. Ширек финалдық жарыстың алғашқы күні қызылордалық былғары қолғап шеберлері алматылық қарсыластарын 6:4 есебімен жеңді. Маңғыстаулық боксшылар Алматы қаласының құрамасын 7:3 есебімен және Қызылорда құрамасын 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, дүбірлі доданың ширек финалына шықты»,-деп хабарлайды Маңғыстау бокс федерациясының өкілі.

 

ҚБФ Кубогының VI маусымы болып отырған аталмыш сайыста әрбір құрама сапында 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг және 91 кг-нан жоғары салмақ дәрежесіндегі он спортшы ойын көрсетті.

 

Әрбір құрама 3 ойынға қатысты. Жеңімпаз жинақталған ұпай саны бойынша анықталды.

 

ҚБФ Кубогының VI маусымы турнирінің жеребесі Астана қаласында маусым айында өтіп, онда ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов пен 2014 жылғы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Ләззат Күнгейбаеваның кезекпен жеребе тартуының нәтижесінде еліміздің облыстары мен Астана және Алматы қалаларын қосқанда 16 команда анықталған болатын. Олар төрт топқа бөлінді. Сонымен қатар сайыс өткізілетін өңірлер мен қалалар анықталды.

 

ҚБФ Кубогы Қазақстан бокс федерациясы президенті Тимур Кулибаевтың бастамасымен еліміздің өңірлерінде осы спорт түрінің жақсы дамып, жас талантты спортшыларды анықтап, тәрбиелеу мақсатында енгізілген болатын.

 

-Соңғы бес жыл бойына біздің құрама жеңімпаздар қатарынан көрініп келеді. Екі рет біз финал мен жартылай финалға өтіп, жақсы нәтиже көрсете білдік.

 2012 жылы біз чемпион-Кубок иесі атандық. Былтырғы жылы біздің құрама Астана командасына финалда есеп жіберіп алды. Сондықтан биыл біз осы олқылықтың орнын толтырып, жеңіс тұғырынанг көрінуді өзімізге басты мақсат етіп отырмыз. Маңғыстаулық бокс мектебі еліміздегі ең мықтылардың қатарынан саналады. ширек финал жарысының Ақтауда өтуі біз үшін өте маңызды.

 Жартылай финал мен финалдық ойындар дәстүрлі түрде Астанада өтеді. Биылғы жылы Қазақстан федерациясы финалдық ойындардың өңірлерде өтуі туралы мәселені көтерді. Сондықтан, келешекте бізде де финалдық ойындар өтуі әбден мүмкін,-дейді Маңғыстау бокс федерациясының президенті Марат Орманов.

 

Сайыс кезінде жақсы ойын көрсеткен 64 келі салмақтағы ақтаулық боксшы Маулен Өскенбектің ойыны көрерменді тәнті етті. Қарсыласы-алматылық боксшының тәжірибесі көбірек және оның бұрын «Astana Arlans» тобында болғанына қарамастан, біздің жерлесіміз басымдылық таныта отырып, лайықты жеңіске жетті.

                     

Жарыстың үшінші күнінде де маңғыстаулық боксшылар қарсыластарын басымдылықпен жеңіп шығып, көрермендерін қуантты. Жерлесіміз Нұрбол Калжанов өз қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, әдемі ойын көрсетіп, сенімді жеңіске жетті.

 

Маңғыстау құрамасының құрамында Жәнібек Есқуатов (49 кг), Азамат Исакулов (52 кг), Нұрбол Калжанов (56 кг), Қанат Көптлеуов (60 кг), Мәулен Өскенбек (64 кг), Мадияр Ашкеев (69 кг), Ерік Альжанов (75 кг), А. Саметов (81 кг), Мағжан Базарбай (91 кг), Сабырғали Самбаев (+91) сынды боксшылар ойын көрсетті. .

                       

Марат Ормановтың айтуынша, «Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының бокс федерациясы жаттықтырушылармен толық қамтылған. Бокс мектебінде мыңға жуық бала жаттығуда. Облыс аудардарының барлығында да спорттың осы түрінен секциялар ашылып, жабдықталған»..

                     

Үш күнге созылған тартысты сайыстың нәтижесінде жартылай финалға Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы және Астана қаласының құрамалары шықты. Кубоктың жартылай финалы мен финалдық ойындары Астанада Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 14-15 желтоқсанда өтеді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему