Ақтауда Конституция күні қарсаңында үздік полиция қызметкерлері марапатталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Конституция күні қарсаңында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

31 Августа 2015 (11:58) | 3400 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойлық мерекесі қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінде салатанатты шара ұйымдастырылып, оған полиция қызметкерлерімен қатар облыстық Ішкі саясат басқармасы, «Маңғыстау облысы әйелдер көшбасшылығы мектебі» Қоғамдық бірлестігі, Қазақстан коммунистік халық партиясы филиалының басшысы, Ішкі істер органдарының ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Мерекелік жиын 20 жыл толуы аталып өтіліп жатақан Ата Заңның қабылдану тарихы туралы баяндайтын, қазақ елі тәуелсіздігінің тұғырына айналған Конституцияның әрбір қазақстандық азаматтың өмірін жақсартудағы ролі, құқығын қорғаудағы мәртебелі маңызын паш еткен бейне фильм көрсетілуден басталды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелініп, әнұран орындалды. Кешті жүргізуші жиналғандарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Нұрмұханбетұлы Қасымовтың құттықтау жеделхатын оқыды.

 

 

Маңғыстау облысы ішкі істер Департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков шараға қатысушыларға мерекелік құттықтау сөздерін арнады.

 

Мерекелік шара аясында өз қызметтерін мінсіз атқарған тәртіп сақшыларын марапаттау үшін сөз алған Ішкі істер Департаменті кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұхтар Қанғалиұлы Садақбаевмерекелік бұйрықтармен таныстырып, қызметкерлерді марапаттау рәсімі орын алды.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысы ішкі істер Департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков, ведомство басшысының орынбасарлары Амангелді Досаханов пен Бердібек Нысанбаев және ІІД Басқармасының бастығы Амандық Мұқашевтар «Қазақстан Республикасы Конституциясына-20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

Адал қызметімен көзге түскен тәртіп сақшыларының бірқатары түрлі марапаттарды иеленді. Олардың қатарында Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың бұйрығымен Маңғыстау облысы ІІД Тергеу Басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Елжас Унеров ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісін кеудесіне тақса, ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілетті уәкілі полиция подполковнигі Гариб Наумов ІІМ «Құрмет Грамотасымен» марапатталып, тағы бір топ полиция қызметкерлеріне ведомствоның Алғыс хаттары табысталды.

 

«Маңғыстау облысы әйелдер көшбасшылығы мектебі» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан коммунистік халық партиясының облыстық филиалының бірінші хатшысы Роза Қарымсаққызы Маханбетова полиция қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, «Әскери әйелдердің мерекелік және жұмыс күндері» атты шара аясында құқыққорғау органдарының бір топ қыз-келіншектеріне Алғыс хаттар мен мерекелік сыйлықтарды табыс етті.

 

Полиция құрамында қызмет етуші құрбыларымен бірге Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері Айгүл Бөлекбаева, Айнұр Жөнелбек, Жанар Қайырмағамбетова сынды арулар да мерекелік марапаттарға ие болған нәзік жандар қатарынан орын алды.

 

Роза Қарымсаққызының мәлімдеуінше, «Келешекте әр салада қызмет етіп, аймақтың дамуына қомақты үлес қосып жүрген арулар туралы жарық көретін кітапқа құқық қорғау саласында ер азаматтармен қатар абыройлы қызмет атқарып, биіктен көрінген қыз-келіншектердің есімдері енеді».

 

Мерекелік кеште полиция қызметкерлеріне сонымен қатар Маңғыстау облысы ішкі істер Департамент бастығының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Омарұлы Жариев пен облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі де құттықтау сөз арнады.

 

Салтанатты жиынның соңы өңірлік өнерпаздардың орындауындағы мерекелік концертке ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему