Назарбаев зияткерлік мектебі Ақтауда ашылды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 09:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Назарбаев зияткерлік мектебі Ақтауда ашылды

28 Августа 2015 (14:25) | 4571 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін Ақтау қаласында, 33 шағын ауданда химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, белгілі ғалымдар, саясат және қоғам өкілдері, ұстаздар, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.  

 

Ең алғаш физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі 2009 жылы Астана қаласында ашылған болатын. Ақтаудағы білім ордасы еліміз бойынша ашылған 20-шы Назарбаев зияткерлік мектебі.

 

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 720 орынға арналған. Ғимаратта жаңа оқу құралдарымен жабдықталған 54 оқу кабинеті, 24 зертхана орналасқан. Мектепте химия-биология, физика-математика, интеграция, техникалық модельдеу кабинеттері, нано-биотехнология, роботехника лабораториясы мен ақпараттық бөлме жұмыс істейді.

 

Сонымен қатар, мектепте өсімдіктердің әртүрі өсетін оранжерея да жұмыс жасайтын болады. Бұл жерде «Биология» пәнінен дәрістер мен тұсаукесерлер өткізіледі деп жоспарлаған. Аумағы 300 шаршы метрді қамтитын оранжерея алдағы уақытта конференц-зал ретінде де қолданылып, балалар демалатын орынға айналмақ.

 

 

Мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілетін арттыруға арналған. Ұстаздардың оқу процессін басқару тиімділігін арттыру мақсатында білім ордасы жаңа компьютер жүйелерімен, мультимедиялық кабинеттермен, заманауи компьютерлік техникамен, интерактивті электронды тақталармен, жылдам интернет жүйесі және инновациялық бағдарлама құралдарымен қамтылған.

 

Зияткерлік мектепте үш залдан тұратын кітапхана жұмыс істейді. Алғашқы оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға 6-7 мың кітап қолжетімді болса, келесі жылы кітапханадағы кітап қоры 20 мың данаға дейін толығады деп күтілуде. Кітапханада қазақ және орыс, ағылшын тілдерінен басқа қытай, француз, неміс тіліндегі кітаптар бар. Сондай-ақ кітапханадан энциклопедия, ғылыми анықтама, Кэмбридж, Оксфорд баспагерлерінің қосымша кітаптарын, тест жинақтарын, әдеби шығармаларды оқуға болады. Мұнымен қоса, кітапхана оқушылар ақпаратты сараптап, оны іздеп, жүйелеуді үйренетін ақпараттық орталық болмақ.  

 

 

Мектепте екі спорт залынан тұратын спорттық-сауықтыру блогы бар. Оқу ғимараты жанында футбол, воллейбол, баскетбол, әртүрлі жеңіл атлетикамен айналасуға арналған алаңдар, теннис корты мен балалар демалысы үшін арнайы бөлінген орны бар жаңа спорт кешені орналасқан.

 

Мектеп асханасы 360 орынға арналған. Оқушыларға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Ал 120 балаға арналған интернат оқушылар үшін жайлы мекенге айналады.

 

Қазіргі таңда аталған мектепте оқитын 477 оқушы Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің «Өркен» білім грантының иегері атанды. Назарбаев зияткерлік мектебінің іріктеу байқауы жаратылыстану-математика бағытында білім алуға қабілеті бар балаларды таңдауға арналған. Орта есеппен бір оқу орны үшін 5-6 бала таласты. Ақтаудағы зияткерлік мектебіне Атырау, Шымкент, Орал қалаларынан да балалар оқуға түсті.  

 

Назарбаев зияткерлік мектебінде іріктеу кезеңінен өткен 80-нен астам мұғалім сабақ беретін болады. Олардың оны шетелдің мамандары.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
айна, 3 Февраля 2016 (22:02)
0 0
кандай документтер керек
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему