Жаңа оқу жылында апатты мектеп болмайды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа оқу жылында апатты мектеп болмайды

24 Августа 2015 (14:16) | 1723 | Автор: Мира Ботабекова

 

Биылғы жаңа оқу жылында Маңғыстау облысындағы апатты мектептер мәселесі түбегейлі шешілетін болды. Бұл туралы бүгін өткен облыс мұғалімдерінің тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова мәлімдеді.

 

 

Бірінші қыркүйек күні Қарақия ауданында 624 орындық қос мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша құлағалы тұрған оқу ордасында оқыған ауыл балалары заман талабына сай мектепте білім алатын болады.

 

Ал, үш ауысымда дәріс алып жатқан балаларға Мұнайлы, Түпқараған, Бейнеу аудандарында 2 мың 700 орындық үш мектеп салынып жатыр. Атап айтқанда Түпқараған ауданында инвесторлардың көмегімен 550 орындық бір мектептің құрылысы жүруде, Бейнеу ауданында Ұлттық қордан қаражат бөлініп, 900 орындық мектептің құрылысы басталды, ал Мұнайлы ауданында республикалық бюджет есебінен 1200 орындық мектеп салынып бітті. «Жалпы үш ауысымда білім алатын балалардың мәселесін 2016-2017 оқу жылында түбегейлі шешеміз, деп отырмыз»,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

 

Зейнеп Тастемірова, Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы:

-Мұнайлы ауданының оқушылары Ақтау қаласының 8 мектебіне тасымалдануда. Жаңа оқу жылының 2-ші тоқсанында 1200 орынды мектеп іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда мектептің құрылысы дайын. Тек құжаттарына байланысты кішкене кідіріп отырмыз. Яғни 2-ші тоқсанда жаңа мектеп іске қосылғаннан кейін қалаға тасымалданып жатқан 2500 баланың мәселесі шешіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему