Доллардың өсуіне байланысты түрлі шаралар қабылданды
Курс валют в Актау
на 17/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
17 Мая, 15:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Доллардың өсуіне байланысты түрлі шаралар қабылданды

21 Августа 2015 (10:06) | 1428 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Нан, қант, шәй, картоп, ет, күріш, қырыққабат сияқты 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді». Бүгін облыс әкімдігінде болған баспасөз мәжілісінде облыс басшылары осылай деп мәлімдеді.

 

 

Осы мақсатта бүгін Маңғыстау облысында шұғыл түрде 14 мобильді топ құрылды. Оның 6-ы облыс орталығы Ақтауда, үшеуі Жаңаөзен қаласында, қалғаны аудан орталықтарында жұмыс істеуде. Мобильді топ әр сағат сайын көтерме сауда нүктелерін, базарлар мен ірі сауда орындарын аралап, азық-түлік пен өзге де тауарлардың бағасын бақылауда ұстайтын болады. Мониторинг нәтижесі бойынша, мұнайлы өлкедегі баға тұрақты сақталып отыр.Жергілікті билік теңгенің тұрақты бағамы қалыптасқанша бағаны бақылауда ұстамақ.

 

Ал, облыстық жастар орталығында ертеңнен бастап сенім телефоны жұмыс істей бастайды. Негізсіз баға өсімін байқаған кез-келген тұрғын қоңырау шалып, хабарлай алады.

 

Облыс басшылығы сонымен қатар, орын алған жағдайға байланысты қажет болған жағдайда тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетпек. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан қаржы бөлінеді.

 

Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық суда және кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

-Бүгін жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткіздік. Доллардың өсуін олар нарық заңдылығы деп, болған жағдайды дұрыс қабылдап отыр. Сонымен қатар, теңге бағамы тұрақталғанша тауар құнын көтермеуге келісті. Ал, жергілікті тауарөндірушілер отандық өнімнің бағасын өсірмейміз деп отыр. Бұл бізді қуантады әрине.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему