Облыстық ІІД зорлық зомбылықтың алдын алу шарасын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 06:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық ІІД зорлық зомбылықтың алдын алу шарасын ұйымдастырды

11 Августа 2015 (11:18) | 4298 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ІІД облыс аумағында «Зорлық зомбылыққа жол жоқ» ұранымен «Тұрмыс және отбасы» акциясы өткізілді. Бұл туралы редакциямызға хабарлаған Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашеваның мәлімдеуінше ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ақпараттық түсіндерме жұмыстарының деңгейін көтеру болып табылады.

 

Ауқымды шараға ішкі істер органдарының барлық бөліністері мен қызметкерлерінің жеке құрамы және прокуратура, білім беру ұйымы, қоғамдық ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы балабақшаларда, білім беру ұйымдарында, мекемелер мен кәсіпорындарда алдын алу іс-шаралары, кездесулер, дөңгелек үстел, семинар-тренингтер өткізілді.

 

«Рай» шұғыл көмек беру орталығымен бірлесе отырып, № 4 шағын ауданға қатысты пәтер иелерінің тұтыну мекемесінің жұмысшыларымен кездесіп, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстары өткізілді. Яғни, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырып, отбасында орын алатын күрделі мәселелерді шешуде қолды ала жұмсамай, байыпты ақылмен шешу керек екендігі түсіндірілді.

 

Сондай-ақ, Ақтау қаласы ІІБ Ювеналды полиция бөлімше қызметкерлерімен бірлесе отырып, маскүнемдікке, нашақорлыққа әуестеніп, кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен айналыспай, өздерінің ата-аналық міндеттерін орындамай жүрген қолайсыз отбасыларын анықтап есепке алуға, аталған отбасында тәрбиеленіп отырған балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын өмір жағдайында қалған балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

 

 

Шолпан Юлдашеваның айтуынша, «Акция барысында Ақтау қаласы, 3 шағын аудан тұрғынының отбасымен танысып, жанұядағы 3 баланың қиын өмір жағдайында қалғандығы анықталып, балаларды тиісті орындарға орналастыру бағытында шаралар қабылданды.

 

Одан әрі, қазіргі уақытта өз Отанын сүйетін жас буынды тәрбиелеу – басты міндет. Жастарымыз Отанымыздың өркендеуі жолындағы құндылықтарды жоғары ұстанып өсуі тиіс. Ата-ана баланы дүниеге әкеліп, дамытып жетілдірсе, мектеп пен қоршаған ортадан бала бойына бар игі қасиеттерді қалыптастырады.

 

Отбасы-тәрбие ошағы. Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Көп жағдайда отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады.

 

Мектеп жанындағы жазғы демалыс орындарында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында, барлық қала, аудандарда іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

 

 

Түпқараған ауданы бойынша М.Горький мектеп-лицейінің, Ж.Мыңбаев мектеп гимназиясының, Е.Өмірбаев орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерлерде балаларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беріліп, өздерін бөтен адам алдында қалай ұстау керек екендігі туралы түсіндіріліп, дайындалған буклеттер таратылды».

 

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мәселелерінде балаларға және ата-аналарға құқықтық көмек көрсету бағытында шаралар қабылданып отыр.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрi мiндетi екендігін ескертіліп, Қызыл-Төбе №2 селосы № 6 мектеп ұжымы арасында талқыланып, жиналысқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Сондай-ақ, облыстық «Аналар одағы» мүшелерінің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарда «РАЙ» шұғыл көмек көрсету орталығының қызметі жөнінде және облыс бойынша орын алған тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы, қоғамда маскүнемдік және ішімдікке салыну, темекі шегу және нашақорлық, отбасылық борышқа жауапсыз қарау, үлкендерді сыйламау сияқты жағымсыз құбылыстарға төзбеушілік жағдайын қалыптастыру бағытында талқыланды. Шара соңында аналар одағының мүшелері, тұрмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен жоғары деңгейде психологиялық жұмыс жасауға, ІІО-дағы учаскелік полиция пунктеріне жетілдірілген психолог мамандарын бөлінуін ұсынуда.

 

Қала, аудандарда «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы дайындалған таратпа материалдары (буклеттер мен жаднамалар) халықтың көп шоғырланатын орындарына таратылып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

 

-Тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдерге қарсы, балаларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында, қала, аудан көлемінде қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесе отырып, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Жазасыз тәрбие», «Ана мен бала-қатыгездікке жол жоқ!» тақырыбында іс-шаралар жалғасын табады,-дейді Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің өкілі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему