Білімді өрен топ жарды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Білімді өрен топ жарды

4 Августа 2015 (14:16) | 1408 | Автор: Нурганым Имашева

 

26 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматы қаласында информатикадан 27-ші Халықаралық олимпиада өтті. Оған 84 елден 630 үміткер қатысты. Осы олимпиадада Ақтаудағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі Бекболатұлы Бекжан күміс жүлдегер атанды. 

     

Халықаралық білім додасында талай жеңістерге жетіп, өзі туып-өскен Маңғыстау өлкесінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің абыройын асқақтатқан Бекболатұлы Бекжан биылғы жылы қазақ-түрік лицейін озық оқушылардың қатарында аяқтады.

 

Ақтау қаласында 01.07.1997 жылы дүние есігін ашқан Бекболат 2004 жылы №7 орта мектептің бастауыш сыныбына қабылданып, 5 сыныптан бастап №28 орта мектебінде білім алды.

 

 

Білімге деген құштарлығы ерекше екенін байқатқан Бекжан 2010 жылы сынақты үздік тапсырып, «Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» ММ-нің 7-ші сыныбына қабылданды.

 

Математика, информатика, физика пәндеріне ерекше зейін қойған білімді өрен әр жыл сайын зияткерлік деңгейдегі түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадаларға қатысып, білім берген ұстаздары мен ата-анасының үкілеген үміттерін ақтап, биік белестерді бағындыра білді.

 

Бекжанның жеткен жетістіктеріне тоқталар болсақ, ол өңірлік білім сайыстарында үнемі алдыңғы қатардан көрініп, бәйгеден оза шауып, информатика пәнінен облыстық олимпиадалардың жеңімпазы 2011 ж. (ІІІ орын), 2012 ж.(І орын), 2013 ж.(І орын), 2014 ж. (І орын), 2015 ж.(І орын) атанумен қатар, 2012 жылы Республикалық олимпиаданың қола жүлдегері атанып, аймақтың намысын қорғады.

 

Шын жүйрік бәйгеде шашасына шаң жуытпайды емес пе? Дарынды жеткіншек өз білімінің терең екенін дәлелдеп, республикалық білім додасында 2013, 2014, 2015 жылдары алтын жүлдегер атанып, өр өлкенің абыройын асқақтатты.

 

Өзі айырықша ықылас танытқан пән бойынша Бекжанның мұнан өзге жеңістері де жетерлік, ол Информатикадан Халықаралық Еуразия олимпиадасының 2013-2014 жылдары күміс жүлдегері атанса, 2014-2015 жылдары-«Asia-Pacificinformatics» олимпиадасының қола медалін иеленді. Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиаданың 2015 жылғы күміс жүлдегері деген абыройлы жеңіске де Бекжанды жетелеген оның білімге деген ерекше құштарлығы мен жетістікке жету жолындағы еңбекқорлығы, ұстаздарының аянбай тер төккен еселі еңбегінің жемісі десек артық айтпағанымыз.

 

Жас та болса, алғыр, зерек, Республикалық және Халықаралық талай ірі зияткерлік сайыстарда терең білім деңгейімен көзге түскен Бекжан-информатика пәнінен ұлттық құрама командасының мүшесі атанды.

 

Өзінің алдына қойған мақсаты жайлы дарынды жас түлек: «Еліміздегі озық оқу-орындардың бірі-Назарбаев университетінде білім алып, Қазақстанда инженерлік механика саласын жан-жақты дамытуға өз үлесімді қосып, информатика ғылым саласын жетік меңгеріп, жақсы, үздік маман иесі болуды армандаймын»,-деген ойымен бөлісті.

 

Халықаралық білім додасында ел мәртебесін көкке көтерген жеңімпаз жеткіншектің еңбегі жанған ұстаздарын және тәрбие беріп, мәпелеген ата-анасын қуаныштарымен қызу құттықтай отырып, ел атынан алғыс білдіріп, айырықша дарынымен түрлі білім бәйгелерінде жүйрік атанған жас өрен Бекболатұлы Бекжанды да жоғары жетістігімен, үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы өмірде алар асуларың, бағындырар биіктерің  бұдан да асқақ болсын деген тілек қосамыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему