Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды
Курс валют в Актау
на 14/11/2018
 
372.22
376.52
 
418.74
423.74
 
5.45
5.61
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
14 Ноября, 07:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

5 Ноября 2018 (09:49) | 538 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының базасында «Жастар үйінде» «АРМАН» КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ өз жұмысын бастады.

 

 

Жастарға арналған коворкинг орталығы – студенттер мен басқа жастарға ресми және бейресми білім алуға, бос уақытын тиімді пайдалануға, жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыруға, интернет қолдану мүмкіндігі жоқ жастарға ақпарат іздеуге арналған тегін кеңістік.

 

Коворкинг Орталығында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен өңіріміздегі бос жұмыс орындар туралы ақпараттар онлайн базасының жұмысын жүргізу; ораторлық шеберлікті және қаржылық сауаттылықты, өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқыту шарасын; фотостудия жұмысын ұйымдастыру көзделуде.

 

Орталықта шетелдік және отандық мамандардың қатысуымен онлайн және офлайн оқыту; жастарға әдістемелік және жас кәсіпкерлерге менторлық көмек көрсету; «Bookdating» және «Reading club» сияқты жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу шаралары; шет тілдері курстарын ұйымдастыру; жастар ұйымдарына арналған топтық жұмыс жүргізу; тегін WI-FI зонасын ұйымдастыру; отандық кинотуындылардың ақысыз көрсетілімін ұйымдастыру; жастарға арналған кітапхана жұмысын қалыптастыру; бейнепроектормен жабдықталған оқу дәрiсханасының жұмысын жүргізу қызметтері қолға алынуы жоспарлануда.

 

 

Аймақта тұңғыш рет жастар игілігіне пайдалануға ұсынылып отырған аталмыш Орталықты ашудың мақсаты туралы Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген:

- Маңғыстауда алғаш рет қолға алынған осы жобаны енгізудегі мақсат - жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға тарту, жастар арасында қылмыстың алдын алу, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне және жастардың жаңа, тың жобаларын жасақтауға ықпал ету,- дейді.

 

Өңір жастарының игілігіне арналған «Арман» коворкинг орталығы жастардың уақытын тиімді пайдалануға бағытталған жобалардың жұмысын жүргізу, жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, жастар арасында инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге бағытталған оқыту шараларын ұйымдастыру, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі мен кәсіпкерлік сауаттылықтың дамуына жағдай жасауға бағытталған.

 

 

Мұнда жастар мен жастар ұйымдарына арналған ағымдағы және келешектегі жобаларды талқылау алаңының жұмысын жүргізу, жастардың шығармашылық және ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкiндiк жасау, жастарға арналған заманауи, ақпараттық технологиялармен жабдықталған және интернет желісімен қамтамасыз етілген тегін кеңістік қалыптастыру, жастардың өзін-өзі дамытуы үшін ашық кеңістік құру, жастарды ақпараттандыру және оларға кеңес беру, жастарды өмірлік маңызы бар дағдыларға үйрету көзделіп отыр.

 

Сонымен қатар, «Арман» коворкинг орталығы жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қоғамдық – саяси және мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және жастардың қажеттіліктері негізінде бағдарламалар мен жобаларды іске асыру міндеттерін атқаратын болады.

 

Кез-келген жас орталыққа келіп, тегін WI-FI жүйесін қолданып, өзіне қажетті ақпаратты алуына, достарымен қосылып, қызықты кітаптар оқып, олардың мазмұнын талқылау мүмкіндігіне ие бола алады. Жастардың басын қосатын аталмыш кеңістіктің өскелең ұрпаққа берері мол.

 

 

«Арман» коворкинг орталығы жастарға арнайы жұмыс регламентіне сай қызмет көрсетеді. Кез-келген жас коворкинг орталығының қызметін тегін түрде пайдалана алады.

 

Елбасы кезекті Жолдауын жариялаған кезде 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім, ендеше осынау айтулы ерекше жылдың басталар тұсында өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыру саласының тізгінін ұстаған азаматтар аймақтың жас өрендеріне тамаша тарту жасап, жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр.  

 

«Арман» коворкинг орталығының байланыс телефоны 60-33-14.

  

Суреттерді және видеоны түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Ақпарат және БАҚ-пен байланыс» бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему