Маңғыстаудың мамандары мен халқын азаматтық қорғау саласы бойынша даярлау жүргізілуде
Курс валют в Актау
на 23/10/2018
 
364.13
368.1
 
418.84
423.56
 
5.49
5.67
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Октября, 15:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудың мамандары мен халқын азаматтық қорғау саласы бойынша даярлау жүргізілуде

10 Октября 2018 (12:23) | 367 | Автор: Нурганым Имашева

Халыққа төтенше жағдайларда (әрі қарай – ТЖ) іс-әрекеттерін үйрету және оларға апаттық-құтқару жұмыстарын, адамдарды, материалдық құндылықтарды, өзін-өзі құтқару жұмыстарын жүргізудің негізгі әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімімен (әрі қарай – АҚ бөлімі) халықпен азаматтық қорғау саласында сабақтар үнемі өткізілуде.

 

 

Облыс халқын даярлау «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне және 2018 жылға Маңғыстау облысының мамандары мен халқын азаматтық қорғау саласында даярлау жоспарларына сай жүргізіледі.

 

Осылайша, осы жылдың 9 ай ішінде 567 адам оқытылған, оның ішінде ҚР ІІМ ТЖК «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС 66 адам оқытылса, облыстық даярлау курстарының шеңберінде 501 адам оқытылған.

 

 

Осы жылдың 4-5 қазан күндері АҚ бөлімімен «Азаматтық қорғау құрылымдарына кірмейтін жұмысшылармен және қызметкерлермен сабақ өткізу топтарының жетекшілері» санаты бойынша кезекті тыңдаушылар оқытылды.

 

Оқу сабақтары Азаматтық қорғау саласының негізгі бағыттары - «Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс», «Байланыс, құлақтандыру және ақпараттандыру жүйесі», «Халықтың ТЖ кезінде іс-қимылдары», «ТЖ жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету», «ТЖ психологиялық аспектілері», «ТЖ шаруашылық объектілер мен халықты қорғау», «ТЖ көшіру жұмыстарын ұйымдастыру» сияқты тақырыптарда Депараменттің ең білікті мамандарымен өткізілді.

 

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес даярлық соңында, тапсырылған тесттердің қорытындысы бойынша тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар тапсырылды.

 

 

Муратов Бектас

Маңғыстау облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс бөлімі

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему