Ішкі істер департаментінде Тілдер мерекесіне арналған  дөңгелек үстел өтті
Курс валют в Актау
на 23/10/2018
 
364.13
368.1
 
418.84
423.56
 
5.49
5.67
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Октября, 14:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ішкі істер департаментінде Тілдер мерекесіне арналған дөңгелек үстел өтті

8 Октября 2018 (18:04) | 451 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне» арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі қызметкерлерімен ұйымдастырылып, Департаментте қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдері де қатысты.

 

 

-Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты - ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оған деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар тәртіп сақшыларын Отанды, ұлттың салт-дәстүрін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу болды,-дейді осы шараны ұйымдастырушы облыстық Ішкі Істер Департаментінің «Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің» қызметкерлері.

 

«Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің» тілге жауапты маманы А.Нәубет дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтап, бұл мерекенің көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтау, қазақ тілін жандандыру, жастарды өз ұлтының ғана емес, елімізді мекендеген барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу екендігіне қатысушылардың назарын аударды.

 

Аталған шарада бөлім қызметкері Ж.Бекенова ұлы жазушыларымыздың тіл туралы нақыл сөздеріне тоқталды.

 

 

Дөңгелек үстел барысында тіл туралы көкейтесті мәселелер ортаға салынып, ана тілімізге жанашырлықпен қарап, тілді көркейтуге атсалысу қажеттігі баса айтылды.

 

Өзге ұлт өкілдері өздерінің өмірбаяны мен қызметі туралы әңгімелеп берді. Өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтудан жарысты.

 

Шара соңында «Қазақстан – өз елім» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

 

Бұл туралы біздің басылымға облыстық Ішкі Істер Департаментінің «Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі» хабарлады.

 

Суреттер сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему