Ақтау қаласындағы №8 орта мектепте Республикалық ата-аналар Конференциясы өтті
Курс валют в Актау
на 23/09/2018
 
358.12
362.31
 
418.35
423.44
 
5.3
5.48
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
23 Сентября, 04:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласындағы №8 орта мектепте Республикалық ата-аналар Конференциясы өтті

13 Сентября 2018 (14:45) | 419 | Автор: Нурганым Имашева

8-9 қыркүйек күндері  Ақтау қаласы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде 1 және 10, 11 сынып оқушыларының  ата-аналарына арналған «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар Конференциясы ұйымдастырылды.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға хабарлаған №8 жалпы білім беру орта мектебінің педагог-психологі Алдабергенова Акмарал Жеткеровнаның мәлімдеуінше, «Конференцияның мақсаты: ата-аналарға психология-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

 

Конференцияға Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығынан Г.Бейсенбаева, ұжымымыздан мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы М.Абилхасова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Каримова, мектеп инспекторы Т.Сариева, мектеп психологтары: .Б.Баймуратова, А.Алдабергенова және 1,10,11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

 

Конференция барысында:мектеп басшысы М.Абилхасова Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын оқыды».

 

 

-Мектеп психологтары тарапынан 1 және 10,11 сынып оқушыларының ата-аналарына: Бастауыш сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуге, жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру, балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мен интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, отбасылық құндылықтар мен мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) және девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы психология-педагогикалық кеңестер берілді.

 

Бала тәрбиесінің маңыздылығын түсінетін 1,10,11 сынып оқушыларының ата-аналары аталмыш конференцияға белсенді түрде, толықтай қатысты. Конференция барысында ата-аналардан бала тәрбиесі жөнінде сауалнамалар алынып, психология-педагогикалық көмек кітапшалары таратылды.

 

Конференция соңында ата-аналар жиналыстан бала тәрбиесіне қатысты көптеген керекті мәліметтер алғанын, бала тәрбиесіне қатысты көзқарастары өзгергені туралы айтып, өз ойлары мен тілектерін білдірді,- дейді №8 жалпы білім беру орта мектебінің педагог-психологі Акмарал Алдабергенова.

 

 

Суреттерді ұсынған Акмарал Алдабергенова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему